WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша жаңа әлем чемпионы қазақстандық Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) америкалық Роуши Уорренді жеңгеннен кейін Boxing Scene рейтингінде 7 орынға көтерілді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Қос боксшының кездесуі 11 ақпан күні АҚШ-тың Огайо штатындағы Толедо қаласында өткен. 12 раундқа созылған жекпе-жекте үш төрешінің екеуі Жанатты жеңіске лайық деп есептеді.
Жаңартылған рейтингте Жақиянов тоғызыншы орыннан екінші орынға көтерілді. Дивизионды британиялық Джейми Макдоннелл бастап тұр.
Бір жылдан астам уақыт рингке шықпаған қазақстандық боксшы бұл айқасы үшін 30 мың доллар сыйақы алса, Роуши одан бес есе көп алды.
Бұл жеңісінен кейін ол екі бірдей әлем чемпионы белбеуін иеленді. Жақиянов енді қазақстандық боксшылардың арасында белбеулері саны жағынан тек Геннадий Головкинге (36-0, 33 КО) ғана жол беріп тұр.
• 14 Ақпан, 2017
Жақиянов боксшылар тізімінде екінші орынға көтерілді

Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Кеше
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Кеше