14 Ақпан, 2017

2016 жылы Бейнеу ауданында 14 көшеге тас жол төселді

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында 2016 жылы жалпы ауданы 67,2 метр учаскеде 585 жекеменшік тұрғын үй салынды, деп хабарлады аудан әкімі Басшы Әзірханов халыққа есеп беру кездесуінде. Бұл туралы strategy2050.kz жазды. «Жыл ішінде жалпы алаңы 67,2 мың шаршы метр болатын 585 жекеменшік тұрғын үй салынды. Өткен жылы Бейнеуде төрт пәтерлі 5 коммуналдық тұрғын үй пайдалануға берілсе, 1963 жылы салынған апатты жағдайдағы үйлер толықтай жойылды. Онда тұрып жатқан 12 отбасы түгелдей тұрғын жаймен қамтамасыз етілді», - деді әкім. Былтыр Бейнеудегі 14 көшеге 27,4 км. тас жол төселінген. Сондай-ақ, 56 көшеге 113 млн теңгеге электр желісін жүргізу, қуаты 50 МВт. күн және 50 МВт. жел электр станцияларын салу жоспарланып отыр. «Ауданның демографиялық ахуалы да жоғары. Осы жылдар ішінде аудандағы халық саны үш есеге жуық өсіп, 66 мыңға жетті. Өсімнің үштен бірі елге оралған қандастарымыздың есебінен болса, үштен екісі ішкі миграция мен табиғи өсім. 1991 жылмен салыстырғанда туу 2 есе өсіп, сәбилер шетінеуі 5 есе азайған», - деп түсіндірді ол. Бұдан бөлек, қазіргі таңда аудан халқына қажетті деңгейде дәрігерлік көмек көрсетуге толық мүмкіндік бар. Бүгінгі таңда ауданда 32 мамандық бойынша 112 дәрігер мен 415 арнаулы орта білімді маман жұмыс істейді. Ауданымызда жаңадан 5 ауылдық округ құрылған.