14 Ақпан, 2017

2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасына 387 млрд теңге қарастырылған

360 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 2017 жылы 387 млрд-тан астам теңге қарастырылған. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов хабарлады, деп жазады primeminister.kz.

Қаржы министрлігі басшысының мәлімдеуінше, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының бюджеттік бөлігінің жылдық жоспары 100 %-ға дерлік игерілген. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, ТКШ мен тұрғын үй құрылысын дамытуға, білім беру саласындағы инфрақұрылымды жүзеге асыру қаражаты толық көлемде пайдаланылған. Жергілікті деңгейде мемлекеттік бағдарлама қаражатын игеру де жеткілікті түрде жоғары - 98,7 %.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2016 жылы жүргізілген камералық бақылау жалпы сомасы 221 млрд теңге болатын мемлекеттік сатып алулардың 420 рәсімін қамтыды, оның 55 млрд теңге сомасына хабарламалар жіберілген. Мемлекеттік аудит нысандарымен анықталған қателіктер жойылды. Сонымен қатар 17 млрд теңге сомасындағы мемлекеттік сатып алулар қорытындысы қайта қаралды; 38 млрд теңге сомасындағы мемлекеттік сатып алулар болдырылмады. Спикердің айтуынша, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына қатысқан төлемшілерден бюджетке салық көлемінің өсімі байқалады. Олардың көлемі 2016 жылы 43,5 млрд теңгені құрады, бұл 2015 жылғыдан 1,4 есеге жоғары көрсеткіш. «Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға 2017 жылы бюджеттен 387,4 млрд теңге сомасында қаржы қарастырылған», - деді Б. Сұлтанов және барлық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды қазірден бастап қажетті шараларды қолданып, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын тиімді іске асыру мақсатында бюджеттік рәсімдердің уақытылы жүргізілуін бақылауда ұстауға шақырды. Еске сала кетейік, бүгін Үкіметте Инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы жөніндегі мәселе қарастырылды.
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025