2016 жылы «Нұрлы жолдың» автожол жобаларына 324,8 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде Ұлттық қордан 151,3 млрд. теңге. Бөлінген қаражаттың есебінен республиканың 12 облысында 1,7 мың шақырым жол қайта жөнделді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Жөнделген жолдар қатарында Батыс Еуропа - Батыс Қытай, Орталық - Оңтүстік, Орталық - Шығыс, Бейнеу - Ақтау, Алматы - Өскемен, Астана - Петропал, Ақтөбе - Атырау және Орал - Каменка жолдары бар.
Министрдің айтуынша, барлық жобаға 75 мың адам тартылды және отандық өндірушілер материалдарының үлесі 90 пайыздан асты. «2016 жылы 913 шақырымда құрылыс жұмыстары аяқталып, оның ішінде жыл қорытындысы бойынша, 767 шақырым жол пайдалануға берілді. Батыс Еуропа - Батыс Қытай транзиттік дәлізі, Астана - Теміртау, Алматы -Қапшағай, Қапшағай - Балпық би, Бейнеу - Шетпе және Көкшетау - Петропавл учаскелері бойынша қозғалыс толық ашылды», - деді Қасымбек.
• 14 Ақпан, 2017
2016 жылы Қазақстанда 1,7 мың шақырым жол қайта жөнделді

Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Кеше
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Кеше