14 Ақпан, 2017

Сағынтаев «Нұрлы жол» жобаларын қаржыландыру жоспарын қайта қарауды тапсырды

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Үкімет отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы жол» бағдарламасының жобаларын қаржыландыру жоспарларын қайта қарауды тапсырды, деп жазады primeminister.kz. ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жалпы 2016 жылғы бағдарламалардың негізгі шаралары атқарылғанын, сонымен қоса жыл қорытындысы бойынша белгілі игерілмеген қаражаттар бар екенін айтты. Б. Сағынтаев өткен жылдың қыркүйегінде Үкімет отырысында бағдарламалардың әкімшілеріне уақытылы игеру мен жобалардың қатаң бақылауда іске асырылуы туралы тапсырма бергенін еске салды. «Сондықтан да игерілмеудің негізгі себебі әкімдердің тарапынан тиісті бақылаудың болмауынан деп есептеймін. Тағы бір мәселе – бөлінген қаражатты жоспарлау сапасы мен игерудің мерзімі. Қаржыландырудың екі жылдық жоспарында едәуір көлем екінші жылдың соңына қойылған, сол себепті мұны қалай ретке келтіруге болатыны туралы ойлану керек. Сондай-ақ, игерілмеу қауіпі бар шаралар бойынша қаражатты қайта бөлу ұсыныстарын енгізу қажет», - деді Б. Сағынтаев. Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев министрлерге облыс әкімдерінің халықпен есеп беру кездесулеріне қатысу үшін өңірлерді аралау кезінде міндетті түрде «Нұрлы жол» бағдарламасының негізгі нысандарының құрылыс барысымен танысып, өз есептерінде сол туралы атап өтуді тапсырды.
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025