14 Ақпан, 2017

Универсиада-2017 1 млрд телекөрерменге көрсетілді

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Универсиада-2017 көрсетілімі EUROSPORT 1 және 2, CBS (АҚШ), CCTV (Қытай), KBS (Оңтүстік Корея), Матч-ТВ (Ресей), Eurosport Asia-Pacific (Австралия және Океания) арналарынан 80 елде 1 млрд. телекөрермендік аудиторияға көрсетілді. Бұл туралы Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді. А. Мұхамедиұлы атап өткендей, Универсиада-2017-ге барлығы 57 елден 1 632 спортшы қатысты, 3 000-нан астам ерікті үлес қосты. Универсиаданың барлық іс-шараларына қатынасуға 230 мыңнан астам билет сатылды. 2017 жылғы Бүкіләлемдік қысқы Универсиада сайыстары 8 спорттық нысанда спорттың он екі түрі бойынша өтті, олардың үшеуі - «Алматы арена», «Халық арена» және «Атлетикалық ауыл» Универсиадаға арнап салынды. Қазақстандық студенттер құрамасынан 12 спорт түріне 171 спортшы қатысты. Медальдардың рекордтық санына – 36 (11 алтын, 8 күміс және 17  қола) ие болды және жалпы командалық есептің қорытындысы бойынша Қазақстан 2-ші орын алды.