ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында Универсиаданың жоғары деңгейде өткізілгенін атап өтіп, іс-шара ұйымдастырушыларына, сондай-ақ жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізген еліміздің студенттік құрамасына алғысын білдірді, деп жазады primeminister.kz.
Б. Сағынтаев Универсиаданың өткізілуі Алматы қаласын дамытуға серпін бергенін, осыған орай алдағы Астанада өтетін халықаралық ЭКСПО көрмесі аясында мұндай ірі іс-шараларды өткізу тәжірибесін пайдалану керектігін атап өтті.
«Мәдениет және спорт министрлігіне Универсиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, сонымен қатар олардың жаттықтырушыларына уақытылы төлем жүргізуді тапсырамын. Сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрілігі Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп спорттық ғимараттарды одан әрі пайдалану мәселесін нақты шешуі тиіс», - деді Б. Сағынтаев.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтті.
• 14 Ақпан, 2017
Сағынтаев Универсиада жеңімпаздарына уақытылы төлем жүргізуді тапсырды

Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Кеше
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Кеше