«Астана» футбол клубының жартылай қорғаушысы Неманья Максимович елордалықтардың сапына қайта қосылғаннан кейін пікір білдірді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Сербиялық футболшы қаңтар айында «Валенсия» командасымен келіссөздер жүргізгендіктен, «Астананың» Дубайдағы оқу-жаттығу жиынына қатыса алмаған. Дегенмен, Түркиядағы жаттығуға қосылған болатын.
Елордалық клубпен осы қыста трансфер мәселесі жөнінде келіссөздер өткен. Алайда, «жарқанаттар» 300 мың еуро төлеуден бас тартқандықтан, Максимович Испанияға еркін агент ретінде кетеді.
«Командамен ешқандай түсінбеушілік болған жоқ. Уәдем орындалды. Жазға дейін Астанада қаламын. Деңгейімді төмендетіп алмау қазіргі баста мақсатым. Оның үстіне ұлттық құраманың матчтарымен қатар, жастар арасындағы Еуропа чемпионаты да келе жатыр», – деді Максимович.
Қазіргі уақытта ол «Валенсиямен» алдын ала бесжылдық келісімге келген. Осы уақыт аралығында серб ойыншысы 7 миллион еуро жалақы алады.
Елордалықтардың сапында 2015 жылдың ақпан айынан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт аралығында екі дүркін ел чемпионы атанып, бір мәрте Қазақстан Кубогында жеңіске жеткен. Премьер-лигада 54 ойынға қатысып, 9 голдың және 6 нәтижелі пастың авторын атанған.

Елімізде алтын қорының көлемі 98 тоннаға артты
Қоғам • Бүгін, 12:22
Енді елімізде алаяқтардың телефон қоңырауы автоматты түрде бұғатталады
Оқиға • Бүгін, 12:10
Еліміздің туы Мәскеу көшелерінде желбіреп тұр
Президент • Бүгін, 11:59
Баға • Бүгін, 11:53
Денсаулық сақтау саласы барынша ашық болуы тиіс - Олжас Бектенов
Медицина • Бүгін, 11:51
Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:35