Мен ұзақ жылдан бері орта мектепте, кейінгі кезде гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ беріп келемін. Осыған байланысты бұған дейін жинақталған кейбір іс-тәжірибемді «Тәлім» беті арқылы әріптестеріммен бөліскім келеді. Осы кезең аралығында әр сабаққа жан-жақты әрі тыңғылықты әзірліктермен келуді айнымас әдетіме айналдырдым. Ешуақытта енжарлық пен селқостық танытпауға тырыстым. Балалар мен жеткіншектердің жан дүниесі өте нәзік әрі сезімтал келеді. Сабақты салғырт беріп тұрғаныңды бірден байқап қояды. Сондықтан мектептегі кез келген пәннің мұғалімі оқушылар алдында өзін тек сабақ беруші ғана емес, ең біріншіден, ұлағатты ұстазы, ақылшысы, анасы, тіпті дос-құрбысы мен сырласы ретінде таныта алса – бұл оқушының да, оқытушының да жарты бақыты деуге болады.
Баламен бірге қуанып, баламен бірге серпіле алсаңыз, тәлім беру мен қабылдау арасындағы байланыстар да соғұрлым тереңдей түсетініне өз тәжірибем арқылы да дәлелдер келтіре аламын. Ұстаздық жолға үлкен сүйіспеншілікпен қарай білудің қажеттілігі де осында деп есептеймін. Осы ұстаным мені сабағыма қашанда сын тұрғысынан қарай білу дағдысын орнықтырды. Бұл арада оқушының бойында ойлау технологиясы мен тетігін қалыптастырудың берер пайдасы мол. Мұндай жағдайда жас жеткіншектердің өзіне деген сенімі арта түседі. Әрі олар өз мүмкіндігінің шектеулі емес, мол екеніне көзін жеткізе алады. Ең бастысы, жаттандылықтан бойын аулақ сала білу қасиеті қалыптасады. Кез келген ұстаздың басты парызы – оқушыға сапалы білім беру және саналы тәрбие тармақтарын сіңіру. Біліктілік дағдыларын меңгерту. Алайда, мұның өзі жеткіліксіз. Бұған қоса, олардың өз бетінше ізденулеріне және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдылануына қол жеткізе алған мұғалімнің мерейі қашанда үстем.
Бұл әдістер мен тәсілдер, әсіресе, гуманитарлық сипаттағы пән мұғалімдеріне аса қажет. Бұл орайда шәкірттеріме қазақ әдебиетінің өкілдері ғана емес, сонымен бірге, шет ел әдебиеті классиктерінің туындыларын оқуға кеңес беріп жүрмін. Оның пайдасы мол. Мұндай жағдайда оқушылардың ой-өрісі кеңейіп, өмірге көзқарасы мен ұстанымы айқындала түседі. Қазір интернет, компьютер заманы. Өмір талабы осындай, әйтсе де, өскелең ұрпақтың интернеттен қабылдаған деректері мен материалдары көркем әдебиеттің беретін рухани ләззаты мен әсеріне татымайды деген ойдамын.
Қазіргі кезде өркениетті, дамыған елдердің өзінде кітап оқу дағдысын қайтадан тереңдету мен жаңғыртуға бағыт алуы тектен-тек болмаса керек. «Кітап – жан азығы» деген қағида қай дәуірде де маңызын жоймайды. Кітаптар – қосымша білім берудің таптырмас көзі. Бұдан артық қосымша әдістемелік құрал табыла қоюы да екіталай. Сондай-ақ, сабақ кезінде көркем шығарманы оқушылармен біріге отырып, талқылаудың да берер тағылымы мол. Бұл әдебиет пәні сабағындағы басты тәсілдің бірі болуы тиіс. Осы тұрғыда Қанипа Бітібаеваның атаулы зертханасына ұсынылған іс-тәжірибем республикалық деңгейде оң бағаланған болатын.
Бүгінгі өскелең уақыт талабы ұстаздарға дамыта оқытумен бірге сын тұрғысынан ойлау, модельдік және деңгейлеп саралап оқыту талаптарын қойып отыр. Қазіргі кезде осы озық әдістемелерді тәжірибе жүзінде қалай қолдану керектігі жөнінде аймақтық және республикалық семинарларда әріптестеріммен ой-пікір алмасқан едім.
«Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда, қарымтасы қайтпаса» дегендей, «Егеменде» тұрақты түрде шыға бастаған «Тәлім» беті арқылы тәжірибе алмасып тұрсақ, мұндай игі істің қай-қайсымызға да берері көп деп білемін.
Құрманай ЖАКЕШЕВА,
Ақтөбе қаласындағы
№21 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Ақтөбе облысы

Алматы ауасын жақсарту ауқымды міндет
Экология • Кеше
Құрылыс индустриясына тағы бір кірпіш қаланды
Құрылыс • Кеше
Құлсарыдан жоғалып кеткен жасөспірім қыз Ақтөбеден табылды
Аймақтар • Кеше
Қазақы тазы тұқымына арналған аңшылық сынақтар өтті
Қоғам • Кеше
Ақмола облысы су тасқынына дайын ба?
Аймақтар • Кеше
Павлодарда ер адам үйінді астында қалып қаза тапты
Төтенше жағдай • Кеше
Алматының туристік әлеуеті Лондонда таныстырылды
Алматы • Кеше
Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінің финалына шықты
Теннис • Кеше
Астанада лифт пен терезені сындырған бұзақылар жазаланды
Елорда • Кеше
C5+1 елдері мәдени мұра саласындағы ниетін мәлімдеді
Мәдениет • Кеше
Петропавлда базардағы сауда орны өртенді
Төтенше жағдай • Кеше
Өндіріс • Кеше
Криптовалюта: нені ескеру керек?
Қаржы • Кеше
Теңге бағамының қаржы нарығына әсері
Экономика • Кеше
Цифрландыру саласындағы серпін
Digital • Кеше
Қоғам • Кеше
Ұстаз • Кеше
Ғылым • Кеше
Жасанды интеллект • Кеше
Әлеуметтік көмек майшелпек емес
Қоғам • Кеше
Қазақстан – АҚШ: Әлеуетті әріптестікті нығайтуға ниетті
Саясат • Кеше
Ырысты ықпалдастық пен байыпты байланыс
Саясат • Кеше
Карбон полигонының мүмкіндігі зор
Шаруашылық • Кеше
Басқа басылымдардан: C5+1 саммитінің сыры неде?
Басылым • Кеше
Көмір кенін жандандырған іскер жан
Еңбек • Кеше
Еңбеккерлердің мерейін тасытты
Аймақтар • Кеше
Әлем чемпионына – пәтер мен автокөлік
Қоғам • Кеше
Ұлттық спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Жасанды интеллект және қастерлі құндылықтар
Үкімет • Кеше
Ғалам ғажаптары • Кеше
Театр • Кеше
Ғалам ғажаптары • Кеше
Зейнетақы жинағының көлемі көбейді
Қоғам • Кеше