Петропавл ботаникалық бағында тропикалық, субтропикалық өсімдіктер мен жеміс ағаштарының 400-ге жуық түрі жерсіндірілген. Олардың арасында пальма, папоротник, кипарис, магнолия, лавр, бансай, туя, агава, юкки сынды ағаштар кездеседі.
Ал сакураның мұнда орнығуының өзіндің тарихы бар. Оранжереяның негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген агрономы Равиль Рязапов 1965 жылы тың және тыңайған жерлерді игерудің он жылдығына орай делегацияның құрамында Мәскеуге барады. Бүкілодақтық халық шаруашылығы көрмесінде декоративті ағаштар семинары ұйымдастырылып, Жапония елшісінің әйелі оған делегацияның ең жас мүшесі ретінде сакура ағашын сыйлайды.
– Жапондар өрік, шие, алқоры секілді жеміс ағаштарын сакураға жатқызады. Мұндай ергежейлі ағаштар жиынтығын бансай деп те атайды. Шығыс күнтізбесі бойынша 13-14 ақпан күндері жапондар жаңа жылды тойлайды. Жаратқанның құдіреттілігін көрмеймісің, осы кездері теріскейдің қатал климатында өсіп тұрған сакура да гүл жарады. Осыдан бірнеше жыл бұрын қатты дауылдың салдарынан ғимараттың шатыры жұлынып, сакураның үсікке шалынғаны бар. Бірақ, жас бұталарын сақтап қалдық, – дейді бағбаншы.
Сакураның гүлдеу аралығын жапондар «ханами», яғни «гүлге қарау» деп атайды. Сондықтан, жан-жақты дайындық шаралары жасалды. Қазір қызықтаушылар қатары қалың.
Жасыл өсімдіктердің адам сенбес тылсым сырлары толып жатыр-ау! Мәселен, агава гүлдесе, өмірі ұзаққа бармайтын қасиеті бар екен. Ал магнолияның гүлдеуі өте сирек. Бүр жарса, хош иісі танау қытықтайды. Құрма ағашының «көңіл күйі» келіссе, бір-екі айда өскін пайда болатын көрінеді. Әйтпесе, жылдап «үн-түнсіз» жатып алуы ықтимал. Осыдан екі жыл бұрын Арабиядан әкелінген құрманың дәндері егіліп, бүгінде алып дараққа айналған пальма бірде аяқасты «тіріліп», жылдам өсе бастап, тіпті жылыжайдың әйнектелген төбесін тесіп шығыпты. Содан үш метрге дейін қысқартуға тура келген.
Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы

Алматы ауасын жақсарту ауқымды міндет
Экология • Кеше
Құрылыс индустриясына тағы бір кірпіш қаланды
Құрылыс • Кеше
Құлсарыдан жоғалып кеткен жасөспірім қыз Ақтөбеден табылды
Аймақтар • Кеше
Қазақы тазы тұқымына арналған аңшылық сынақтар өтті
Қоғам • Кеше
Ақмола облысы су тасқынына дайын ба?
Аймақтар • Кеше
Павлодарда ер адам үйінді астында қалып қаза тапты
Төтенше жағдай • Кеше
Алматының туристік әлеуеті Лондонда таныстырылды
Алматы • Кеше
Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінің финалына шықты
Теннис • Кеше
Астанада лифт пен терезені сындырған бұзақылар жазаланды
Елорда • Кеше
C5+1 елдері мәдени мұра саласындағы ниетін мәлімдеді
Мәдениет • Кеше
Петропавлда базардағы сауда орны өртенді
Төтенше жағдай • Кеше
Өндіріс • Кеше
Криптовалюта: нені ескеру керек?
Қаржы • Кеше
Теңге бағамының қаржы нарығына әсері
Экономика • Кеше
Цифрландыру саласындағы серпін
Digital • Кеше
Қоғам • Кеше
Ұстаз • Кеше
Ғылым • Кеше
Жасанды интеллект • Кеше
Әлеуметтік көмек майшелпек емес
Қоғам • Кеше
Қазақстан – АҚШ: Әлеуетті әріптестікті нығайтуға ниетті
Саясат • Кеше
Ырысты ықпалдастық пен байыпты байланыс
Саясат • Кеше
Карбон полигонының мүмкіндігі зор
Шаруашылық • Кеше
Басқа басылымдардан: C5+1 саммитінің сыры неде?
Басылым • Кеше
Көмір кенін жандандырған іскер жан
Еңбек • Кеше
Еңбеккерлердің мерейін тасытты
Аймақтар • Кеше
Әлем чемпионына – пәтер мен автокөлік
Қоғам • Кеше
Ұлттық спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Жасанды интеллект және қастерлі құндылықтар
Үкімет • Кеше
Ғалам ғажаптары • Кеше
Театр • Кеше
Ғалам ғажаптары • Кеше
Зейнетақы жинағының көлемі көбейді
Қоғам • Кеше