15 Ақпан, 2017

Ақышев теңгенің нығаюына қатысты пікір білдірді

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазіргі уақытта валюта нарығында тұрақтылық байқалады, деп жазады 24.kz. Бұдан басқа, теңгенің бағамы сыртқы экономикалық жағдайлардың жақсаруына орай нығайып отыр. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына өзгерістер мәселелері жөніндегі баяндамада сөйлеген сөзінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарына хабарлады. «Айырбастау бағамының еркін өзгермелі режиміне өткеннен және экономика субъектілері жаңа жағдайларға бейімделгеннен кейін айырбастау бағамы объективті факторларға сәйкес келеді және өндірушілеріміздің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Мұның бәрі Ұлттық Банктің валюта нарығына араласпауы аясында болып отыр. Біз 2016 жылғы қыркүйектен бастап интервенция жүргізбейміз», – деп атап өтті Д.Ақышев. Оның айтуынша, мұндай саясат алтын-валюта резервтерін сақтауға мүмкіндік береді. Мәселен, Ұлттық Банк басшысы хабарлағандай, қаңтардың соңында Ұлттық қордың валюта активтерін қоса алғанда елдің жалпы резервтері дерлік 92 млрд долларға жетті. «Бұл 2015 жылдың соңындағы деңгейден жоғары», – деп қорытындылады ол.
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025