Жаңа модельдің бұрынғысына ұқсайтын тұстары болғанымен, оптикасы мен бамперінде айтарлықтай өзгешелік бар. Ал интерьер тіпті басқаша. Ортада 8 дюймдік дисплей орналасқан.
Grand Lancer қозғалтқышының көлемі 1.6 және 2 литр, қуаттылығы 113 және 146 ат күші. Көліктің алғашқы таныстырылымы Шанхайдағы автосалондардың бірінде болады деп күтілуде. Қашан екені әзірге белгісіз.