Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы бірінші басымдық – технологиялық жаңғыруға байланысты Орал қаласында «Smart City – Ақылды қала» жобасы қолға алынды.
"Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының тең жарымы қоныс тепкен Орал қаласын адамдарға қолайлы, қауіпсіз етуіміз керек", деп мәлімдеді өңір басшысы Алтай Көлгінов.
Әкімнің айтуынша, жобаның «Қауіпсіз қала» бағыты бойынша қала көшелері мен аулаларға 300 камера орнатылмақ. Мемлекет-жеке меншік әріптестігі негізінде жол бойын жарықтандыру жүйесін жаңарту жобасы дайындалған. Жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктерді смартфоннан онлайн бақылауға мүмкіндік беретін «2 GIS» жобасы жасалуда. Сондай-ақ, бос жұмыс орындары туралы бүкіл ақпарат жиналған онлайн платформа да көпшілікке қолжетімді болады.
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»
ОРАЛ

Сұлтан Раев: Қазақстан – әлемді біріктіретін алтын көпір
Сұхбат • Бүгін, 19:18
Президенттік жастар кадр резервіне төртінші іріктеу аяқталды
Президент • Бүгін, 18:52
Келешек мектептері үшін кадрлар қалай дайындалуда?
Білім • Бүгін, 18:20
Президент халықаралық қауіпсіздікке бағытталған заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 17:57
Ақтөбедегі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 17:35
Жамбыл облысында жастарға арналған «Әулиеата жастары» бағдарламасы басталады
Банк • Бүгін, 17:30