«Барселона» футбол командасының шабуылшысы Лионель Месси клуб басшылығынан Люка Динь, Жереми Матье және Андре Гомешті сатып жіберуді талап етті. Бұл туралы donbalon.eu хабарлады.
Егер Мессидің бұл талабы орындалмаса, жаңа келісімшартқа отырудан бас тартпақ. Команданың бас жұлдызы бірер апта бұрын Францияның «Пари Сен Жермен» ұжымынан ойсырай ұтылғанынан кейін клубтағы жағдайға көңілі толар емес.
Динь мен Гомеш өткен жылы жазда «Барселонаға» келген. Ал Матье 2014 жылы «Валенсиядан» көшіп келген.
Айта кетейік, Лионель Месси мен каталондық клуб арасындағы келісімшарт мерзімі 2018 жылдың жазына дейін жарамды. «Көк-анарлылар» аргентиналыққа жалақасы жоғары жаңа келісімге қол қоюды ұсынған.
14 ақпан күні Чемпиондар лигасының 1/8 финалында Парижде өткен ойында ПСЖ-дан 0:4 есебімен ұтылған. Қарымта кездесу 8 наурыз күні Барселона қаласында «Камп Ноу» стадионында өтеді.

Қ.Тоқаев Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:01
Алатауда 5G желісі іске қосылды
Digital • Кеше
Футболшы Андрей Морев дүние салды
Футбол • Кеше
Ұлттық ұлан сарбаздары диктант жазды
Республика күні • Кеше