Астанада қар көп жауып, қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режімде жүмыс істеуге көшті. Бір тәулік ішінде қала аумағынан 53 мың текше метрден аса қар шығарылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Жолдарды қардан тазалау барысында 2024 арнайы техника тартылды. Көше жинау жұмыстарына 2176 қызметкер жұмылдырылды.
Қар шығару жұмыстары тәулік бойы жұмыс, демалыс және мереке күндері жүргізіледі.
Бүгін елордада бұрқасын және жел. «Қазгидромет» орталығының мәліметтеріне сәйкес, қазір Астанада оңтүстік-батыстан жел тұрады, оның екпіні кейде 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз 0...-2°С, түнде -5...-7°С. Мамандардың айтуынша, мұндай ауа райы түнде де сақталады. Ауа райын болжаушылардың айтуынша, Мәскеу циклонының ықпалымен бұрқасын елдің орталық және солтүстік өңірлеріне ауысады.
Республикалық маңыздағы автожолдарда шектеулер енгізілді: Астана-Атбасар, Астана-Қарағанды, Астана-Щучье, Астана-Павлодар, бұл аймақта бұрқасын және 20 м/с жылдамдықпен жел соғуда. Қаланың жедел қызметтері автокөлік жүргізушілеріне алыс сапарға шықпауға кеңес береді.
• 21 Ақпан, 2017
Астанада бір тәулік ішінде 53 мың текше метр қар шығарылды

Лионель Месси Испаниядағы футбол клубын сатып алды
Футбол • Кеше
8 миллион теңгеге қандай жаңа көліктер алуға болады?
Қоғам • Кеше
Қытайдан әкелінген көліктерді жүргізу шарттары қандай?
Логистика • Кеше
Бауыржан Әли қарсыласын 57 секундта құлатты
Бокс • Кеше
Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
Ипотека • Кеше
Алматыда су үстіндегі бақ пен EXPO орталығы салынады
Алматы • Кеше
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Кеше
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Кеше