Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге қолдау көрсетіп отырған BGTalent продюсерлік орталығының негізін қалаушы әрі бас директоры Ние Синьюань sohu.com-ға берген сұхбатында Димаш туралы пікір бөлісті, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Сұхбат барысында ол «I am a singer» байқауының бесінші кезеңінде Димашқа не үшін «Uptown Funk» әнін бергені туралы айтты.
«Жанкүйерлердің көбісі Димаштың бесінші кезеңдегі әні оның алтыншы орынға сырғып кетуіне себеп болды, бұл ән Димашқа келмейді деп жатыр. Димаш жас әрі талантты әнші екенін бәрі мойындады. Меніңше, ол осы бәсекенің шеңберінде тек жеңіс үшін ән шырқап, өз мүмкіндігін шектеп қоймауы керек. «I am a singer» байқауы Қытайға ғана емес Шығыс Азияның көптеген елдерінде танымал. Димаш осы сахнадан өзінің музыкадағы мүмкіндігін одан ары қарай кеңейте беруі тиіс. Сондықтан өзіне ұнаған әнді таңдап, өнердегі жаңа бағыттарын да ашып көруге тырыстық», - деді Ние Синьюань .
Оның айтуына қарағанда, продюсерлік орталық Димаш арқылы қытайлық көрермендер мен жастардың музыкаға және жұлдыздарға деген түсінігін өзгертуге тырысқан. Димаштың өзгеше стилі қытайлық жастарды тек бет-әлпетке көңіл бөлетін кореялық музыка мәдениетінен алыстатуға септігін тигізген.
«Жыл соңына дейін Димаштың жеке ән альбомы жарық көреді. Одан кейін жекелеген аймақтарда жеке концерттер ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Әрі қарайғы даму барысы Қазақстандағы оқуын аяқтап, ағылшын тілімен француз тілдері деңгейін жоғарылатқаннан кейін жасалады», – деді Ние Синьюань.

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Бүгін, 22:45
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 18:13
Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25