Орта салмақта WBA (Regular) белбеуінің иегері Дэнниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) алдағы қарсыласы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинді (36-0, 33 КО) сынға алды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Оның айтуынша, Головкиннің атағы жер жарып тұрғанмен, ол тек өзінен әлсіз, шаршы алаңда соңғы жылдарын өткізіп жүрген боксшылармен жұдырықтасқан.
«Талантыма 100 пайыз сенімдімін. Ал жаттығу барысында қарсыласымды жеңуге деген сенімділігім одан сайын арта түседі. Физикалық қабілетім жеткілікті. Жылдамдығымның, бойымдағы күшімнің, дер кезінде шешім қабылдай білуімнің арқасында Геннадийдің алғашқы жеңілісіне себепші боламын деп ойлаймын. Ол әуесқой бокста 400-ге жуық кездесу өткізді деп естідім. Бірақ мен де одан құралақан емеспін. Шамамен 200 мәрте рингке шыққанмын. Сондықтан менің де тәжірибем жеткілікті. Өзіңе сенімді болу – жеңіске жетудің бір жолы», – деді Джейкобс.
«Головкиннің өкілдері керемет жұмыс атқарды. Оған қарсы шаршы алаңда соңғы жылдарын өткізіп жүрген спортшылармен жекпе-жектер ұйымдастырды. Олар сондай-ақ, нағыз орта салмақтың боксшылары емес еді. Осыдан барып жұрт оны жеңілуді білмейтін батыр көріп жүр», – деді ол.
Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс арасындағы айқас 18 наурыз күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді. Елімізде бұл бокс кешін «Қазақстан» және «KazSport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Қазақстандық боксшы соңғы 23 жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаса, Джейкобс 12 ұрысын қатарынан нокаутпен жеңген.

Батыс Қазақстанда газ бағасы арзандады
Қоғам • Кеше
Қазақы тазының тұқымын жандындыру мақсатында көрме өтті
Алматы • Кеше
Мемлекет басшысы Таиланд Короліне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Медицина қызметкерлері мерекені «Есік» мұражайында өткізді
Мәдениет • Кеше
Қазақстан Президентінің атына Республика күніне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Республика күні • Кеше
Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады
Президент • Кеше
Марат Ирменов ҰҚК төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Президент • Кеше
Ұлытауда колледж кітапханашыларын құрметтеді
Руханият • Кеше
Алмалық ауылы алмалы бақтағы 10 гектарға апорт көшеттері отырғызылды
Шаруашылық • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады
Президент • Кеше
Егін жинау науқаны аяқталуға жақын
Шаруашылық • Кеше
Географиясы Гиннеспен өлшенген
Қазақстан • Кеше
Ғалам ғажаптары • Кеше
Ғалам ғажаптары • Кеше
Кітапхана • Кеше
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Мұқтаж жандарға қамқорлық – қастерлі қызмет
Қоғам • Кеше
Алматы • Кеше
Байқау • Кеше
Білім • Кеше
Жаңа буынның көзқарасы мен танымы
Республика күні • Кеше
Құраш МАХҰЛОВ ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегері
Марапат • Кеше
Республика күні • Кеше
Қаламгер қазынасы – мұрағат төрінде
Тұлға • Кеше
Сергей ЧЕРНОБАЙ Қазақстанның Еңбек Ері
Марапат • Кеше
Ұлт тағдырын айқындаған таңдау
Пікір • Кеше
Мәдениет және ақпарат майталмандарының мерейі
Қоғам • Кеше
«Бәйтерек» инвестициялық холдингке айналады
Саясат • Кеше
Мемлекеттік наградалар тапсырды
Марапат • Кеше