Зымыраныңыз ентікпей ғарышқа жетіп, небір реактивті ұшақтар құрлықтардың арасын қас пен көздің арасында жалғап, ұшқыр көліктер желден озып кетіп жатқан мына заманда Қазақстанды түйемен аралап шығуға бел буған адамды көрдіңіз бе? Оның үстіне қыстың көзі қырауда иен далада итіңдеп жаяу жүрудің өзі азап емес пе? Ең болмаса, мотоциклмен ел аралауға шығыпты десе, ақылға қонымды секілді көрінеді. Ал түйені жетектеп жаяу жолға шыққан адамның жанкештілігі еріксіз таңғалдырды.
Қайбір күндері «кәрі құда» әбден қаһарына мініп, көктемнің алдында соңғы тұяқ серпігендей аязыңыз сұсты күйге еніп алды. Дәл осы кезде Жаңақорған ауданының Жайылма ауылының маңында суықтан бүрсең қағып, шеңгелдің арасында бір түйелі кісі жатыр дейді. Сөйтсе, бұл швед жиһанкезі Кристиан Бодегрен екен. Жиһанкездің жоспары бұзылып, жағдайы болмай жатқанын жаңақорғандық Алшынбай Тұртановқа Алматыдан таныстары қоңырау шалып айтыпты. Жолаушының жағдайын жасау, Құдайы қонаққа қолындағысын беру ежелден келе жатқан қазақы әдет емес пе? Алшекең Кристианды тауып алып, үйіне әкеліп, жылы-жұмсағын ұсынып, қонақжайлық танытыпты. Швед жиһанкезі Жаңақорғанда неғып жүр дейміз ғой енді.
– ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбы мені қатты қызықтырды. Солайша, Астана төрінде өтетін халықаралық шараға өз үлесімді қосайын, әлемді баламалы энергияға көшуге және табиғи қуат көздерін тиімді пайдалануға үндеп отырған Қазақстанның бастамасын қолдайын деген ниетпен келдім. Жол сапарым Алматы облысының Балқаш ауданынан басталды. Мына түйені де сол жақтан сатып алдым. Бағытым – Маңғыстау. Каспий теңізінің жағалауында сапарымды түйіндесем деген жоспарым бар. Осы аралықты жүріп өтуге 8 айға жуық уақыт кетеді. Өз жоспарымда, тамыз айында діттеген жеріме жетуім керек. Сосын түйемді сатып, Астанаға ЭКСПО-2017 көрмесіне барамын. Сол жерде шетелдерден келген туристерге Қазақстан жайлы өзім түсірген ролик-шоуды көрсетіп, таныстырылымын жасаймын,– дейді Кристиан.
Әлемнің бір басында жатқан Швециядан шыққан жиһанкездің Қазақстанда өтетін көрмеге қолдау білдіріп, елді танып, танып қана қоймай, өзгелерге де таныстыру ниетіне ішіміз жылып қалды. Еріккеннің ермегі дейтіндей емес, Кристианның бұл сапары ерлікпен пара-пар дер едік. Себебі, мотоциклмен немесе жеңіл көлікпен Қазақстанды желіп өтпей, жаяу-жалпылап, түйесін жетектеп, әрбір төбесі мен тасын тануға ұмтылғаны ерлік емей, немене?! «Қазақтар өте қонақжай халық екен. Жол-жөнекей жолыққан кісілердің барлығы көмектесуге бейім тұрады. Дастарқаны жаюлы, жүздері жадыраңқы. Жүрегің жылиды»,– дейді ол.
Бұл Кристианның бірінші саяхаты емес. Бұған дейін Оңтүстік Америка елдерін аралап, Африкадағы Сахара шөлін көлденеңнен басып өтіпті. Мұның алдында Моңғолияны шарлаған. Содан Қазақстанға жетіп, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне сөзбен емес, іспен қолдау білдірейін деп жолға шыққан.
Айтпақшы, жиһанкез Жаңақорғанның әйгілі батпағының да қасиетін сезінді. Әбден суықтап қалған жолаушы атақты шипажайда бірнеше күн тынығып, бойындағы суығын алып, түйесін де дамылдатып қайта саяхатын жалғастырды. Сапары сәтті болсын дейік.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы

Батыс Қазақстанда газ бағасы арзандады
Қоғам • Кеше
Қазақы тазының тұқымын жандындыру мақсатында көрме өтті
Алматы • Кеше
Мемлекет басшысы Таиланд Короліне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Медицина қызметкерлері мерекені «Есік» мұражайында өткізді
Мәдениет • Кеше
Қазақстан Президентінің атына Республика күніне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Республика күні • Кеше
Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады
Президент • Кеше
Марат Ирменов ҰҚК төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Президент • Кеше
Ұлытауда колледж кітапханашыларын құрметтеді
Руханият • Кеше
Алмалық ауылы алмалы бақтағы 10 гектарға апорт көшеттері отырғызылды
Шаруашылық • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады
Президент • Кеше
Егін жинау науқаны аяқталуға жақын
Шаруашылық • Кеше
Географиясы Гиннеспен өлшенген
Қазақстан • Кеше
Ғалам ғажаптары • Кеше
Ғалам ғажаптары • Кеше
Кітапхана • Кеше
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Мұқтаж жандарға қамқорлық – қастерлі қызмет
Қоғам • Кеше
Алматы • Кеше
Байқау • Кеше
Білім • Кеше
Жаңа буынның көзқарасы мен танымы
Республика күні • Кеше
Құраш МАХҰЛОВ ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегері
Марапат • Кеше
Республика күні • Кеше
Қаламгер қазынасы – мұрағат төрінде
Тұлға • Кеше
Сергей ЧЕРНОБАЙ Қазақстанның Еңбек Ері
Марапат • Кеше
Ұлт тағдырын айқындаған таңдау
Пікір • Кеше
Мәдениет және ақпарат майталмандарының мерейі
Қоғам • Кеше
«Бәйтерек» инвестициялық холдингке айналады
Саясат • Кеше
Мемлекеттік наградалар тапсырды
Марапат • Кеше