Ресейде «Спорт-Экспресс» деген танымал спорт басылымы бар. Сол ақпарат құралы жақында жас футболшы Еркебұлан Сейдахметті «Қазақтың Мессиі» деп жазыпты.
Еркебұланды ақпан айының басында Ресейдің «Зенит» футбол клубының жасөспірімдер құрамасына шақырған еді. Футболшы питерлік командамен бірге Кипрдегі оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр.
«Зенит» командасы селекционерлерінің жас қазақ футболшысына көзі түсетіндей жөні бар. Өткен жылы Молдованың Тирасполь қаласында өткен «Шериф кубогында» Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-17) «Зенитпен» 3:3 есебімен тең ойнаған еді. Сол кезде Сейдахмет екі гол соғып, дубль жасады. Одан кейін Гранаткин мемориалы турнирінде үздік шабуылшы атанды. Осыдан кейін Еркебұланның талантына питерлік команда назар аудара бастаған. Оны 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бас бапкері Александр Кузнецов та айтқан еді.
– Оқу-жаттығу жиындары керемет өтіп жатыр. Бұл жерде барлығы көңілімнен шығады. Бапкерлер штабы мен фуболшылар тарапынан қолдау бар. Жаттығу барысында, әсіресе доппен жұмыс істеуге қатты мән береміз. Деңгей жағынан Қазақстан футболынан айырмашылық айтарлықтай байқалады. Бапкерлер мені тек шабуылшы ретінде ойнатып жүр. «Зенитте» қалам ба, жоқ па, әзірге белгісіз. Әлі нақты шешім қабылдаған жоқпын, – дейді Сейдахметтің өзі.
ФИФА-ның талабы бойынша 18 жасқа толмаған футболшымен халықаралық трансферге тыйым салынған. Еркебұлан 4 ақпан күні 17 жасқа толды. Ал 18 жасқа толу үшін әлі бір жыл керек. ФИФА кәмелеттік жасқа толмаған футболшының өзге елдің клубымен келісімшарт жасауына үш жағдайда ғана рұқсат етеді. Біріншісі – ата-анасы жұмыс барысы бойынша немесе басқа да себеппен сол елге қоныс аударса. Бірақ футболға қатысты болмау керек. Екіншісі – Еуропа одағына мүше елдердің бір экономикалық аймағына кірген жағдайда. Сондай-ақ, үшіншіден, ата-анасы тұратын мекен клуб орналасқан қаладан 100 шақырым қашықтықтан алыс болмағанда ғана рұқсат беріледі.
«Спорт-Экспрестің» мәліметі бойынша, питерлік команданың Еркебұланның ойынына көңілі толады екен. Жақында «Зенит» жастары Кипрде «Локомотив» (Мәскеу) клубының жасөспірімдер құрамасымен кездесіп, жеңіске жетті. Осы ойындағы жалғыз голдың соғылуына Сейдахметтің қосқан үлесі зор. Себебі «Локомотив» қорғаушылары өз айып алаңында қазақстандық шабуылшыға қарсы тәртіп бұзып, төреші пенальти белгіледі. Оны К.Капленко мүлтіксіз орындады. Сөйтіп, Игорь Симутенков жаттықтыратын «Зенит» жеткіншіктері жеңіске жетті.
«Зениттің» жас футболшыға көңілі толады. Бірақ халықаралық талапқа сәйкес, келісімшартқа отыра алмайды. Сондықтан енді ол үйіне қайтатын шығар. Оқиға осылай өрбіген жағдайда жас футболшы «Тараз» сапында премьер-лигада өнер көрсетуі тиіс. Ал «Зенит» оны жіті бақылап отырады. Келісімшарт мәселесі бір жылдан кейін қайта қозғалуы мүмкін. Сондай-ақ, Сейдахметтің 21 жасқа дейін Қазақстан құрамасына шақырту алуы да ғажап емес», деп жазады ресейлік басылым.
Еркебұлан Сейдахмет 2000 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Сегіз жасынан «Монтажник» деп аталатын әуесқой командада футболдың қыр-сырына қаныға бастаған.
Жоғарыда айтқанымыздай, «Спорт-Экспресс» сынды беделді басылым жас футболшыға «Қазақтың Мессиі» деген баға берді. Мессиге ұқсатқаннан гөрі қазақтың Еркебұланы деген әлдеқайда жарасымды емес пе?! Ендеше, оған болашақта аяқдоптың қыр-сырын меңгерген шебер футболшы болуға біз де тілек қосамыз.
Бек ТӨЛЕУОВ,
журналист
АСТАНА

Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03