Конституцияның 23 бабына өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы бүгін Ақордада өтіп жатқан билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
«Біз үшін бір айқын мәселе – Қазақстанның негізгі саяси моделі сақталады. Президенттік республика болып қала береді. Сонымен бірге, мемлекеттік басқару жүйесі дәуір талабына сай икемді болуы тиіс. Реформалардың нәтижесінде биліктің бір тармағы өкілеттігін толық иеленіп, дербес жұмыс істейді. Соған сәйкес әр тармағы жауапкершілікті де сезінуі тиіс. Өкілетті биліктің Үкімет пен атқарушы органдарға бақылауы күшейеді», – деді Мемлекет басшысы.
Елбасының пайымынша, бұл мемлекеттің кәсібилігін арттырумен қатар Конституциядағы биліктің бірден бір бастауы халық деген қағиданы бекіте түседі.
«Ел болашағы үшін айрықша маңызды осы құжаттың тағдырын біз шешуіміз керек. Әрі қарай не істеуіміз керек екендігіне бүгін қорытынды жасап, қашан Парламентке талқылауға түсетіндігін келісуіміз керек. Конституцияның 23 бабына өзгеріс енгізілетін болды, заңдарға 35 өзгеріс енгізіледі. Бұл жерде айта кететін негізгі мәселе Президенттегі өкілеттіктерді басқа тармақтарға беру болып отыр. Өздеріңіз де білесіздер, басқа елдерде, керісінше, президенттің өкілеттігін жоғарылату үшін референдумдар өткізіп, конституциялық өзгерістер енгізіп жатыр. Бізде керісінше. Себебі, 25 жылдың ішінде президенттік басқару жүйесі өзінің алдына қойған халық алдындағы мақсатын орындады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
• 01 Наурыз, 2017
Конституцияның 23 бабына өзгеріс енгізіледі – Елбасы

Электр желілеріндегі апаттылық 13 пайызға төмендеді
Энергетика • Бүгін, 09:50
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:49
«Уақытты босқа өткізу»: Иран АҚШ-пен кездесуден бас тартты
Әлем • Бүгін, 09:28
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:22
Мемлекет басшысы Израиль Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 09:10
Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше