Конституциялық өзгерістерді Қазақстанның саяси жүйесін демократияландырудағы үлкен қадам ретінде қарастыру керек. Жалпы, осы өзгерістермен біздің саяси жүйеміздің тиімділігі, тұрақтылығы мен теңгерімділігі артатыны сөзсіз. Елбасы өзінің біраз өкілеттіктерін Парламент пен Үкіметке беріп жатыр, бірақ, бұл президенттік басқару жүйесі әлсірейді дегенді білдірмейді. Президенттік басқару жүйесі сақталады, Елбасы еліміздің дамуындағы стратегиялық және ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне, сыртқы саясатқа басымдық беретін болады. Ал экономикалық саясатқа қатысты күнделікті мәселелер толығымен Үкіметтің қарауына өтеді. Үкімет бұл мәселелерге тиісінше өзі жауап беретін болады.
Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістерді бір жағынан, халықтың билікті қалыптастырудағы рөлін күшейту деп те бағамдауға болады. Өйткені, өзгерістер жүзеге асса, тиісінше, Парламенттің өкілеттілігі күшейеді. Мәселен, Парламент Үкіметті жасақтау үдерісіне де қатысатын болады. Парламент Үкіметке бақылау жасап отырса, сол арқылы халықтың билікті қалыптастыруға, екінші жағынан, бақылауға байланысты мүмкіндіктері артады деп қарастыру керек. Сондықтан, бұл өзгерістерді біздің саяси жүйемізді демократияландыру үдерісіндегі маңызды да үлкен қадам деп санаймын.
Мәулен ӘШІМБАЕВ,
Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы
• 04 Наурыз, 2017
Саяси жүйені демократияландырудағы маңызды қадам

Белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбай мәдениет қайраткері атанды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар зейнетке ерте шыға ма?
Бюджет • Бүгін, 12:49
Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:40
Қазақстан мен Солтүстік Македония Іскерлік кеңес құрды
Қазақстан • Бүгін, 12:29
Әкімдіктерде үйлестіру жоқ: Үкімет басшысы жергілікті жердегі кемшіліктерді атап өтті
Инфрақұрылым • Бүгін, 12:22
ҰБТ-ға қосымша таңдау: AIT тестінің ерекшелігі неде?
Білім • Бүгін, 12:11
Банк шотыңыз бұғатталса не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 11:44
Қазақстанда екінші АЭС Балқаш маңында салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 11:40
Мирас • Бүгін, 11:35
Алматы облысы маңында жеке үйде газ жарылып, 4 адам зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 11:14
Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсе ме? Министр жауап берді
Оқиға • Бүгін, 11:12
Ақордада Моңғолия Президентін қарсы алу рәсімі өтіп жатыр
Президент • Бүгін, 11:01
Қазақстанда әр пойызға ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған вагон қосылады
Қоғам • Бүгін, 10:58
48 команданың бәйгесі: Жаңа формат сенсацияларға жол аша ма?
Футбол • Бүгін, 10:43