Алматыда Еуразия технологиялық университеті жанынан «Start-Up Академиясы» ашылды, деп хабарлайды Қазақстанның «Даму» қорының баспасөз қызметі.
«Даму» қоры мен Еуразия технологиялық университеті (ЕТУ) арасында өзара әріптестік пен түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Академияның ашылу салтанатына Азия даму банкі, Еуропа қайта құру және даму банкі, Дүниежүзілік банк, Алматы қаласын дамыту орталығы, ҚР қаржыгерлер қауымдастығы, MOST бизнес инкубаторы, «Алатау» АТП, және екінші деңгейлі банк өкілдері қатысты.
«Бұл - «Даму» қорының серіктес жоғары оқу орны жанында ашқан төртінші «Start-Up Академиясы». Бұған дейін Павлодар, Атырау мен Астанада да ашылған еді. Академия ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге бизнес-идеядан бастап нарыққа шыққанға дейінгі жолда кешенді тегін қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Яғни, консалтингтік, ақпараттық қолдау ғана емес, инвестор тарту, қордың қаржылық бағдарламаларына қатысуға немесе мемлекеттік грантар алуға өтініш беруге де қол ұшын созамыз»,- деді «Даму» қорының басқарма төрағасы Абай Сарқұлов.
Ол Алматы қаласын аймақтық стартап-хаб ретінде қарастыруға болатынын айта келіп, қаланы Қазақстанда инновациялық жаңалықтар ашуға мүмкіндігі мол мегаполис екенін атап өтті.
«Даму» қорының қолдауымен ЕТУ жанында «Catapult» атты Start-Up Академия құру кәсіпкерлердің жаңа легін даярлауға және отандық жаңа технологиялық стартап жобаларды дамытуға жасалған жаңа қадам. Академия АҚШ үкіметі үшін даярланған коммерциялизация бағдарламасының авторы Томас Селуччидің әдістемесі бойынша жаңа стартаптарды іздеп, таңдап, дамытумен мақсатты түрде айналысатын болады. Start-Up Академия Алматы қаласында smart-технологиялар мен инновациялардың жасалуына және кәсіпкерлік ортаның қалыптасуына өз үлесін қосатын болады», - деді Еуразия технологиялық университенің ректоры Нұржамал Дүйсенқұлова.
Шара барысында «Даму» қоры мен «Болашақ» қауымдастығы арасында әріптестік келісімге қол қойылды. Бұл құжат бойынша қауымдастықтың білім беру, зияткерлік, бизнес секілді көптеген бағыттардағы әлеуметтік маңызды жобаларын бірлесіп қолдау қарастырылған.
Астана, Павлодар, Атырау қалаларындағы Start-Up Академияларда 2016 жылдың қыркүйек пен желтоқсаны аралығында 102 адам оқып, 17 жоба акселерацияға (бизнес-идея табудан бастап жүзеге асырылуына дейінгі сүйемелдеу) жеткен. Олардың ішінде 4 жоба инвестиция алды.
• 04 Наурыз, 2017
Еуразия технологиялық университеті жанында «Start-Up Академиясы» ашылды

Белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбай мәдениет қайраткері атанды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар зейнетке ерте шыға ма?
Бюджет • Бүгін, 12:49
Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:40
Қазақстан мен Солтүстік Македония Іскерлік кеңес құрды
Қазақстан • Бүгін, 12:29
Әкімдіктерде үйлестіру жоқ: Үкімет басшысы жергілікті жердегі кемшіліктерді атап өтті
Инфрақұрылым • Бүгін, 12:22
ҰБТ-ға қосымша таңдау: AIT тестінің ерекшелігі неде?
Білім • Бүгін, 12:11
Банк шотыңыз бұғатталса не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 11:44
Қазақстанда екінші АЭС Балқаш маңында салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 11:40
Мирас • Бүгін, 11:35
Алматы облысы маңында жеке үйде газ жарылып, 4 адам зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 11:14
Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсе ме? Министр жауап берді
Оқиға • Бүгін, 11:12
Ақордада Моңғолия Президентін қарсы алу рәсімі өтіп жатыр
Президент • Бүгін, 11:01
Қазақстанда әр пойызға ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған вагон қосылады
Қоғам • Бүгін, 10:58
48 команданың бәйгесі: Жаңа формат сенсацияларға жол аша ма?
Футбол • Бүгін, 10:43