Нұрсұлтан Назарбаев Гумилев атындағы университеттің ректорын қабылдады, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында Е.Сыдықов Мемлекет басшысын университеттің өткен жылдардағы қызметі мен қазіргі атқарып жатқан жұмыстары жөнінде хабардар етті.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның индустриялық даму бағдарламасы үшін біліктілігі жоғары мамандар даярлаудың маңыздылығын атап өтті. "Елорданы Астанаға ауыстырғаннан соң қабылданған алғашқы шешімдердің бірі осы оқу орнын құру туралы болды. Республикамыздың бас қаласымен бірге оның атағы мен абырой-беделі артып келеді. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздің жоғары оқу орындарының алдыңғы шебінде келеді", - деді Қазақстан Президенті.
Ректор бүгінде университетте 17 мыңнан астам студент білім алып жатқанын, оның көбі үш тілді еркін меңгергенін мәлімдеді. Бұл факторлар білім алушылардың академиялық мобильділігіне септігін тигізуде. "Оқу орны өз деңгейін ұдайы арттырып келеді және қазіргі уақытта ол әлемдік рейтингте 345-орынды иеленіп отыр. Университетте жұмыс істейтін шетелдік оқытушылар, сондай-ақ жұмыс берушілер студенттеріміздің дайындығына жоғары баға беруде. Еуразия университеті түлектерінің жұмысқа орналасу критерийі жөнінен республикада алдыңғы орындардың бірін иеленді. Беделді QS World University Rankings халықаралық рейтинг агенттігінің (Ұлыбритания) қорытындысы бойынша, Еуразия ұлттық университеті физика пәнінен әлемнің үздік университеттерінің қатарына қосылды", - деді Е.Сыдықов.
Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.
• 09 Наурыз, 2017
Назарбаев Гумилев атындағы ЕҰУ ректорын қабылдады

Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі
Елорда • Бүгін, 14:48
Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты
Ғылым • Бүгін, 14:42
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 14:34
Қазақстан Орта Азияда экономикалық еркіндік бойынша көш бастап тұр
Экономика • Бүгін, 14:25
Олжас Бектенов: «Заң мен Тәртіп» − жаңа Конституцияның негізгі қағидаты
Үкімет • Бүгін, 14:08
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында қарсыласын 10:2 есебімен жеңді
Хоккей • Бүгін, 13:45
Ірі деректер базасының операторлары үшін биометриялық сәйкестендіру міндетті болмақ
Үкімет • Бүгін, 13:39
Ресейде қойылым кезінде жолбарыс көрермендерге қарай секірген
Оқиға • Бүгін, 13:26
Автокөліктегі міндетті жиынтық: Жүргізушілер нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 13:13
Жас шахматшылар әлем чемпионатында көш бастады
Спорт • Бүгін, 12:52
Ақтауда блогерлердің жеке өміріне қатысты материалдарды таратқан күдікті ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:42
Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе рейстері көбейеді
Қазақстан • Бүгін, 12:40
Яна Легкодимова ісі бойынша сотталғандар колонияға ауыстырылды
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қытайлық технологиялық алпауыт Kaspi-дің 6 млн акциясын иеленді
Банк • Бүгін, 12:22
Мемлекет басшысы Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 12:09