Алты ай қысы бар Алтайда түз тағылары мен адамдар арасындағы мұндай кездойсақ «кездесулер» жиі болмаса да, ара-тұра болып тұрады. Бұл жолғы «кездесу» Зырян ауданындағы Путинцев ауылының маңында болды. Бірнеше көлікпен қаздай тізіліп жүйткіп келе жатқан жолаушыларды жол үстінде бұланның ұрғашысы қарсы алып, «тоқтатқан»
көрінеді. Түз тағысы көліктерден мүлде сескенбегендіктен, жолаушылар өздігінен тоқтауға мәжбүр болыпты.
– Бірнеше көлікпен демалыстан қайтып келе жатқан едік. Жол үстінде тұрған алып жануар еріксіз назарымызды өзіне аударды. Жол болғанда, құдды МАИ қызметкерлеріндей жолдың тура ортасына тұрып алыпты. Түз тағысын табиғат аясында алғаш рет көруім. Үйдің үлкендігіндей тіршілік иесіне жақындауға ешкімнің батылы бармады. Әрине, бұл көріністен алған әсеріміз керемет, бірақ қорыққанымызды да жасыра алмаймыз, – дейді бұл жайтқа куә болған Зырян ауданының тұрғыны Роман Похиленко.
Зыряндықтар бұланның бұл жүрісін сан-саққа жүгіртіп отыр. «Зырян орман шаруашылығы» мекемесінің қызметкері, аңшы Василий Головцов аудан тұрғындарының «Түз тағысы қардың қалыңдығынан ашығып, адамдардан жәрдем күтіп жүр», деген пікіріне келіспейтіндігін білдіріп, көктем мезгілінде бұланның бұлай жүруі қалыпты жағдай екендігін, оған алаңдаудың қажеті жоқтығын айтты.
– Қыс уағында бұландар тау беткейінде үйірімен жайылады. Азығы мол жерлерде жүреді. Ал жазыққа олар тек көктем мезгілінде қардың көбесі сөгілген уақытта түседі, – дейді аңшы.
Түз тағыларының мінезін бес саусағындай білетін аңшы де- малушылардың бұланға жақындамағанының дұрыс болғандығын, жақындаса, жазым қылуы әбден мүмкін екендігін жасырмады.
– Бұланмен ойнауға болмайды. Бұл – күшті ғана емес, таудай ірі жануар. Әсіресе бұланның ұрғашылары ызақор келеді. Адамдарды ағаш басына өрмелетіп, мықты деген трактордың өзін зақымдаған жағдайларға талай мәрте куә болғанбыз, – деген Василий Головцов көктемнің көкөзегінде бұланды кездестіру үйреншікті дүниеге айналғанын, олардың бұл жерге жыл сайын келетіндіктерін тілге тиек етті.
Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Бұлан да, бұл аңды көліктеріне тығылып тамашалаған тұрғындар да дін аман. Түз тағысы тек бір көлікке ғана тұяғын тигізіп, қалың орманға сіңіп жоғалыпты.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы

Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында қарсыласын 10:2 есебімен жеңді
Хоккей • Бүгін, 13:45
Ірі деректер базасының операторлары үшін биометриялық сәйкестендіру міндетті болмақ
Үкімет • Бүгін, 13:39
Ресейде қойылым кезінде жолбарыс көрермендерге қарай секірген
Оқиға • Бүгін, 13:26
Автокөліктегі міндетті жиынтық: Жүргізушілер нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 13:13
Жас шахматшылар әлем чемпионатында көш бастады
Спорт • Бүгін, 12:52
Ақтауда блогерлердің жеке өміріне қатысты материалдарды таратқан күдікті ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:42
Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе рейстері көбейеді
Қазақстан • Бүгін, 12:40
Яна Легкодимова ісі бойынша сотталғандар колонияға ауыстырылды
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қытайлық технологиялық алпауыт Kaspi-дің 6 млн акциясын иеленді
Банк • Бүгін, 12:22
Мемлекет басшысы Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 12:09
Ақтөбеде лицензиясы жоқ ломбард 93 миллион теңге табыс тапқан
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:05
Аустрияда балалар тағамынан егеуқұйрық уы анықталды
Оқиға • Бүгін, 11:55
Қазақстанда құрылыс компанияларына жаңа шектеулер енгізіледі
Қазақстан • Бүгін, 11:42
«Қазақ тазысы мен төбет күні»: Қазақстанда жаңа мереке пайда болды
Мереке • Бүгін, 11:37
Роботтар жарысы: Қытайда 100-ден астам гуманоид марафонда жүгірді
Технология • Бүгін, 11:26