Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен Алмас Оңдақанов Курчатов қаласының әкімі болып тағайындалды.
Алмас Ондақанов 1974 жылдың 30 қарашасында дүниеге келген. 1995 жылы Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын инженер-экономист мамандығы бойынша, 1999 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты мен әлеуметтік қорғау бөлімінде инспектор, экономист ретінде бастаған. Мемлекеттік қызмет академиясын аяқтаған соң Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Антидемпингтік бақылау комитетінің бас маманы болып тағайындалды. Содан соң Курчатов қаласында аппарат басшысы, Шығыс Қазақстан облысы техникалық реттеу және метрология комитеті басқармасының басшысы, Қазақстандық метрология институтының Шығыс Қазақстан облысы бойынша бөлімшесінің директоры болып жұмыс істеді.
2008 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, содан соң басқарма басшысы қызметінде болды. 2013-2016 жылдары Зайсан ауданын басқарды. 2016 жылдың маусымынан осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
• 10 Наурыз, 2017
Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімі тағайындалды

Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында қарсыласын 10:2 есебімен жеңді
Хоккей • Бүгін, 13:45
Ірі деректер базасының операторлары үшін биометриялық сәйкестендіру міндетті болмақ
Үкімет • Бүгін, 13:39
Ресейде қойылым кезінде жолбарыс көрермендерге қарай секірген
Оқиға • Бүгін, 13:26
Автокөліктегі міндетті жиынтық: Жүргізушілер нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 13:13
Жас шахматшылар әлем чемпионатында көш бастады
Спорт • Бүгін, 12:52
Ақтауда блогерлердің жеке өміріне қатысты материалдарды таратқан күдікті ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:42
Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе рейстері көбейеді
Қазақстан • Бүгін, 12:40
Яна Легкодимова ісі бойынша сотталғандар колонияға ауыстырылды
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қытайлық технологиялық алпауыт Kaspi-дің 6 млн акциясын иеленді
Банк • Бүгін, 12:22
Мемлекет басшысы Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 12:09
Ақтөбеде лицензиясы жоқ ломбард 93 миллион теңге табыс тапқан
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:05
Аустрияда балалар тағамынан егеуқұйрық уы анықталды
Оқиға • Бүгін, 11:55
Қазақстанда құрылыс компанияларына жаңа шектеулер енгізіледі
Қазақстан • Бүгін, 11:42
«Қазақ тазысы мен төбет күні»: Қазақстанда жаңа мереке пайда болды
Мереке • Бүгін, 11:37
Роботтар жарысы: Қытайда 100-ден астам гуманоид марафонда жүгірді
Технология • Бүгін, 11:26