Қазақстан өз ерекшелігін көрсетіп келеді
Түркияның ауысқалы отырған президенттік басқару жүйесіне қатысты ізденістеріне тиімді болар деп жарыққа шыққан, сондай-ақ, ширек ғасырда мемлекеттің тәжірибесіне айналып үлгерген Қазақстандағы қазіргі президенттік басқару жүйесінен үлгі етіп ала алатын тұстары мен кемшіліктерді, шешім жолдары мен даму тәсілдерін қамтыған «Қазақстанның саяси жүйесіндегі президенттік басқару моделі» атты кітабымда айтылғандай, мемлекеттің болашақта тұрақты дамуы үшін Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кең ауқымды өкілеттігі теңгерілуі немесе шектелуі қажет екендігін жазғанмын. Алайда, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Конституция арқылы өзіне тиесілі кең өкілеттікті шектеп, халықтың игілігі үшін мемлекетті одан әрі ілгері- лететін реформаны күтпеген жерден бастауы дүние жүзінің елдерін таңғалдырды. Онсыз да Нұрсұлтан Әбішұлының өмір бойы туған елі – Қазақстанды ойлап атқарған жұмыстары орасан зор. Кеңес Одағынан қалған ядролық қарудан бас тартуы тек қана өз елі үшін емес, бүкіл адамзат пен әлемдік бейбіт өмір үшін өте маңызды. Халықаралық тізесі шыққан мәселелердің шешілуінде мемлекеттер тарапынан айтылған жылы лебіз- дерге үнемі арқау болып отыратын даналығы, сарабдал саясаткерлігі бітімгерліктің өзегіне айналып үлгерді. Соңғы кезде Түркия мен Ресей арасындағы дағдарыстың шешілуі және миллиондаған елдің көз жасын, қантөгісті тоқтату мақсатында Сирия мәселелерін талқыға салып, Астана процесін жүргізуі сөзімізге дәйек. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы іске асқалы отырған конс- титуциялық реформаға жаңа бағыт сілтейтіндігіне, қоғамның дамуына оңды ықпал ететіндігіне сөз жоқ. Жолдауда көтерілген басымдықтар дамудың негізгі динамикаларына айналатындығына және ұлттық экономиканың күшеюіне ықпал ететіндігіне сенімдімін. Қазақстан конституциялық реформа мен Жолдаудың арқасында жаңа кезеңге аяқ басып, әлемдегі өзгерістерге бейімделеді және дамыған елдердің қатарына қосылудың алғышарттарын қарастыру арқылы батыл қадамдар жасайды. Елдің тұрақты дамуына, әлемдік бейбітшілікке қосқан үлесі үшін қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлына Нобель сыйлығы берілуі қажет. Нұрсұлу ЧЕТИН, саясаттанушы-ғалымАргентинадан сәлем жолдаймыз!

Мақсаты айқын ел