Ауғанстан президенті Мохаммад Ашраф Ғани Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларға қолдау білдірді. Бұл туралы еліміздің сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі хабарлады.
Жуырда Қазақстанның Ауғанстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Өміртай Бітімов Ауғанстан Ислам Республикасының президенті Мохаммад Ашраф Ғанимен кездесті. Кездесу барысында қазақстандық дипломат Ауғанстан президентіне «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл» мерейтойлық медалін тапсырды. Сонымен қатар, ол Мохаммед Ашраф Ғаниге Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және Ислам ынтымақтастығы ұйымының Астанада өтетін ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне шақыруды табыс етті.
Өміртай Бітімов Ауғанстан президентін Қазақстандағы маңызды саяси-экономикалық үдерістермен және Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған басқа да басымдықтармен таныстырды. Сондай-ақ, Елбасының халыққа арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы туралы да жан-жақты әңгіме қозғады.
Өз кезегінде А.Ғани Қазақстан Президентіне құрметті марапаты үшін алғысын білдірді. Ол «Қазақстан Көшбасшысының мемлекеттік басқару реформасына қатысты алысты көздеген, қазақстандық қоғам институттарының одан әрі дамуына ықпал ететін жоспарларын» Ауғанстанның жоғары бағалайтынын, оны әрдайым қолдайтынын жеткізді.
Қазақстан елшісі мен Ауғанстан президенті екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін, атап айтқанда, сауда-саттық саласындағы мәселелерді, Қазақстанның астығын, Ауғанстанның көкөнісі мен жеміс-жидегін екі жаққа тасымалдау барысын, темір жол тасымалын дамыту жолдарын, екі ел арасындағы тауар айналымының көлемін ұлғайтудың жай-күйін талқылады.

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше