Екі салмақта бұрынғы әлем чемпионы Серхио Мартинестің пікірі бойынша мексикалық Сауль Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жек кем дегенде бес жылдан кейін өтуі мүмкін. Бұл туралы championat.com хабарлады.
«Альварес қазақстандық боксшымен әлі біраз уақытқа дейін кездеспейді. Мен тіпті, бұл айқас өтпеуі мүмкін деген пікірді де жоққа шығармаймын. Ал егер бұл іс жүзеге асса, жеті-сегіз жылдан кейін немесе кем дегенде бес жылдан кейін өтуі мүмкін. Мәселенің бәрі «Канелода» ғана емес оны басқаратындарға байланысты», – деді 42 жастағы боксшы.
Әлемдік бокста қос спортшының арасындағы жекпе-жек ең күтулі оқиғалардың бірі ретінде есептеліп тұр. Осыған дейін мексикалық боксшының промоутері келіссөздер көп ұзамай аяқталатынын, бокс кеші осы жылдың қыркүйек айында өтетінін мәлімдеген болатын.
Айта кетейік, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин 18 наурызда WBA (Regular) белбеуінің иегері Дэнниэл Джейкобспен жұдырықтасады. Ал Сауль Альварес 6 мамырда отандасы кіші Хулио Сезар Чавеспен қолғап түйістіреді.

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше