Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ресейлік «Космос-Нефть-Газ» қаржылық-өнеркәсіптік компаниясының президенті Иван Лачугинмен және қазақстандық «Саутс-Ойл» компаниясының президенті Серікжан Сейітжановпен кездесті.
«Оңтүстік Қазақстанда шетелдік инвесторлар үшін бар жағдайды жасауға әкімдік жағы толықтай әзір. Бүгінде облыста 11 индустриалды аймақта 151 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатса, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта 10 ірі кәсіпорын жұмысын жүргізіп жатыр. Мұнан бөлек, аймақтағы салаларға қаржы салған инвесторлар үшін салықтан босату сынды жеңілдіктер бар», – деді өңір басшысы.
Жиында И.Лачугин мен С.Сейітжанов аймақ басшысына бірлескен жоба әзірлеп жатқанын, Еуро-5 стандарты бойынша мұнай химия комбинатын салу жұмысын қолға алуды жоспарлап отырғанын айтты. Жоспар бойынша жаңа зауыт жылына 2 млн тонна шикізатты қайта өңдеуге қауқарлы.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
• 13 Наурыз, 2017
Оңтүстік Қазақстанда Еуро-5 үлгісінде зауыт салынады

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше