Демократия жолындағы қарышты қадам
Біздер, заңгерлер Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған конституциялық реформаларды талдап, оған қызығушылық білдіріп келеміз. Бұл реформаның басты мақсаты билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу болып табылады. Дәлірегі, Президенттің бірқатар өкілеттіктерін Үкімет пен Парламентке беру арқылы, атқарушы билік пен заң шығарушы биліктің халық алдындағы жауапкершілігін күшейту басты назарда. Жалпы, аталған реформа атқарушы билікті уақыт талабына сай құруға, оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде елді жоғары деңгейде дамытуға жол ашады. Елдегі саяси жүйе, институттар, компаниялар уақыт талабына сай бейімделуі тиіс. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті қол қойып бекіткен жаңартылған Конституция енді өмірдің өзі күн тәртібіне шығарған міндеттерді жүзеге асыруға жәрдемдесетін болады. Реформа бойынша, экономикалық-әлеуметтік саланың жұмысы Президент құзыретінен Үкіметке берілді. Бұдан бөлек, жергілікті әкімдіктердің де жауапкершілігі күшейтіліп отыр. Бұл өз кезегінде атқарушы билік пен халықтың арасын жақындата түседі. Қалай десек те, Қазақстандағы конституциялық реформа дер кезінде жүзеге асырылды деп санаймыз. Ол өзінің жемісін беретін болады. Бұл – ақылмен ойластырылған, халықаралық тәжірибелерге сүйенген, өзіндік бағыты, сипаты бар реформа. Осы реформалар аясында атқарылып жатқан шаралардың барлығы Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуына, жаңғыруына, мемлекеттік басқару жүйесінің жаңа тиімді тәсіліне көшуге мүмкіндік береді. Бұл – Қазақстанның демократия жолындағы қарышты қадамы. Жоан Мануель ТРАЙТЕР, Испания Орталық сайлау комиссиясының мүшесі, Жирон университеті жария құқық кафедрасының профессорыЕлена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 18:13
Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58