Чемпионатты ірі жеңіспен бастаған «Тобыл» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдады. Стадион дайын болмағандықтан ойын Қостанайда емес, Затобольск деген қалада өткен еді. Сыралғы
қарсыластар арасындағы матч алма-кезек шабуылмен өрбіді. Алғашқы минуттарда алаң иелерінің шабуылшысы Джордже Деспотович баспен ұрып, қақпаға қауіп төндірсе, қонақтардың ойыншысы Игорь Зенькович алыстан теуіп, есеп аша жаздады. Ойынның екінші бөлігінде чемпионат сұрмергені Алексей Щеткиннің гол соғатын екі бірдей мүмкіндігі болған. Алайда, шабуылшының соққылары қақпадан қиыс кетіп жатты. Ойынның соңына таман қостанайлықтар қарсылас қақпаны торуылға алды. Бірақ, бұл ойында сенімді өнер көрсеткен қақпашы Самат Отарбаевты қапы қалдырудың сәті түспеді. Матч 0:0 есебімен тең аяқталды.
Премьер-лигаға қайта оралған «Қайсар» бірінші турда «Оқжетпесті» ірі есеппен ұтқан болатын. Бұл жеңіс қанаттандырған қызылордалықтар екінші турда да шабытпен ойнап, өз алаңында «Таразды» 2:1 есебімен тізе бүктірді. Ойында есепті қонақтардың шабуылшысы Руслан Мұхаметшин ашты. Таблодағы есепті матчтың 34-минутында Владимир Аржанов теңестірді. Ал «Қайсарға» жеңіс әкелген екінші голды кездесудің 72-минутында Саиди Нтибазонкиза соқты. Осы жеңістен кейін «Дала қасқырлары» турнир кестесінде алты ұпаймен жеке-дара көш бастады.
Бұл турда «Астана» Павлодар барып, жергілікті «Ертіспен» күш сынасты. Ойын басталғаннан-ақ қонақтардың басымдығы байқалды. Тіпті, олар 14-минутта есеп ашып, алға да шықты. Допты алыстан теуіп «тоғыздыққа» тура кіргізген Серікжан Мужиков болатын. Бір қызығы, бұл гол – «Астананың» барлық турнирлерде соққан 500-ші голы еді.
Көп ұзамай, алаң иелері де өз дегендеріне жетті. Кездесудің 31-минутында Евгений Ткачук қақпаны дәл көздеді. Ойын соңына дейін осы есеп өзгермей, матч 1:1 есебімен тең аяқталды.
Бірінші турда аса ауыр кездесу өткізіп, шаршаңқыраған «Қайрат» Көкшетауға барып, «Оқжетпеспен» ойнады. Кездесуді екі команда да аса сақ бастаған болатын. Дегенмен, ойынның 19-минутында алаң иелері алға шықты. Лукас Хорват берген пасты Александр Козлов голға айналдыра білді. Соғылған голдың алматылықтарды қамшылағаны рас. Көп ұзамай Исаэльден тамаша пас алған Жарко Маркович қақпаны дәл көздеді. Екінші таймда алаңға ойыншы алмастырып шыққан Андрей Аршавин кездесудің көрігін қыздырған еді. Бірақ, ресейлік шебер бірден гол соғатын тамаша мүмкіндікті жіберіп алды. Матчтың 53-минутында Елдос Ахметовтің алаңнан қуылғанына қарамастан, «Қайрат» алаң иелерін тықсырып-ақ бақты. Кездесудің 82-минутында Андрей Аршавин көздеген мақсатына жетті. Бірақ, алматылықтар жеңісті уыста ұстап тұра алмады. Қосымша уақытта «Қайраттың» қақпасына белгіленген пенальтиді сәтті орындаған Виталий Волков командасын жеңілістен құтқарып қалды.
Бұл турда «Ордабасы» мен «Атырау» да тең ойнады. Есеп – 1:1.
«Ақжайық» пен «Шахтер» арасындағы матч соғылған голдардың көптігімен есте қалды. Бұл ойында есеп кездесу басталмай жатып ашылды: Матиас Рубио қақпа алдындағы қарбаласты шебер пайдалана білді. Екінші голды пенальтиді сәтті орындаған Азу Изука соқты.
Кездесудің екінші бөлігін қарағандылықтар ширақ бастады. Ойынның 69-минутында оң қанаттан берілген допты баспен дәл соққан Дәуренбек Тәжімбетов есеп айырмашылығын қысқартты. Алайда, арада үш минуттай өткенде тағы да Азу Изука мергендік танытып, есепті 3:1-ге жеткізді.
Келесі 3-ші тур 17-18 наурызда өтеді. «Тараз» бен «Қайрат» және «Астана» мен «Ақжайық» 17 наурыз күні өзара күш сынасса, 18-і күні «Атырау» – «Ертіс», «Ақтөбе» – «Ордабасы», «Оқжетпес» – «Тобыл» және «Шахтер» – «Қайсар» матчтары ойналады.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»

Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 18:13
Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58