14 Наурыз, 2017

Lincoln көлігі Қытайда шығарылатын болды

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ford компаниясы 2019 жылдан бастап Қытайда Lincoln люкс кроссоверлерін шығара бастамақ, деп жазады Fortune басылымы. Кроссовердің жаңа моделін Ford авконцерні Қытайдың Changan Automobile компаниясымен бірлесіп Чунциндағы зауытта шығармақ. Ford сонымен қатар Солтүстік Америкадағы өндірісін де жалғастыра бермек. Қытайда өндіріс бастау арқылы Ford компаниясы Қытайдың 25 пайыздық импорттық баж салығын төлеуден құтылып, осының арқасында Audi, Mercedes-Benz және BMW көліктерімен бәсекеге түсе алады. Айта кетейік, қазір аталған үш көлік Қытайдағы люкс көліктердің 75 пайызын құрайды. 2016 жылы Қытайда жол талғамайтын көлік түрлеріне деген сұраныс ерекше артып, қазіргі таңда бұл көлік түрлерінің нарықтағы үлесі 15 пайызға жетті.
Соңғы жаңалықтар

Ел рухын асқақтатқан Ерқожа

Ата заң • 22 Тамыз, 2025

Алматыда Human Capital форумы өтті

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Шымкентте жаңа саябақ ашылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2025

Нарциссизм эпидемиясы

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Екі елдің ықпалдастығы жанданады

Президент • 22 Тамыз, 2025