«Барыс» хоккей клубының шабуылшысы Дастин Бойд «Металлургке» қарсы сериялы матчта әлі де болсын жеңістен үміт барын айтты.
«Жағдайымыздың қиындай түскені айтпаса да белгілі. Матчтың тек соңында ғана оянып, қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанымызбен, тым кеш еді. Ойын барысында мүмкіндігіміз көп болатын, бірнеше рет ойыншы басымдығына да ие болдық. Өкінішке орай, сәттілік жетіспеді. Алғашқы кезеңде 1:2 есебімен есе жіберсек те, бәрі өз қолымызда болатын. Бірақ әріптестеріміздің бірнеше рет айдыннан қуылуы кері әсерін тигізді», – деді Дастин Бойд.
«Барыс» форвардының айтуынша, әлі де ешнәрсе кеш емес екен.
«Енді басқаша жоспар құрып, жағдайымызды өзгертуге болатын жолдарын қарастыруымыз керек. Бәріміз өз деңгейімізден жоғары ойнауымыз қажет. Брэндонның жарақатынан айығып, қатарымызға қайта қосылғаны жақсы болды. Төртінші кездесуде қажетті нәтижеге қол жеткіземіз деп үміттенемін», – деді ол.
Айта кетейік, кеше «Барыс» Магнитогорскінің «Металлургімен» үшінші мәрте күш сынасып, 3:5 есебімен есе жіберді.
«Металлург» сапынан Данис Зарипов айдын иелерін үш мәрте (28, 38, 56-минуттар) қапы қалдырса, Сергей Мозякин (48-минут) мен Ян Коварж (54-минут) бір-бір шайбаның авторы атанды. Ал астаналықтардан Дастин Бойд үш голдың (42, 58, 59-минуттар) бәрін салды.
Қос команданың арасындағы жалпы есепте магнитогорліктер 3:0-мен алда келеді. Келесі матч 15 наурызда Астанада өтеді.
• 14 Наурыз, 2017
«Барыс» әлі де болсын жеңіске жете алады – Дастин Бойд

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше