
Көктемгі мұз әлі де қалың секілді көрінгенімен оның бойында қыс күніндегідей беріктік жоқ. Таңертеңгі жағдайы түстен кейінгі жағдайымен ұқсамайды. Түнгі суықпен бекіген мұз таңертең көтерген салмақты, кеште көтере алмайды. Сонымен қатар, мұзда жүріс кезінде көзге түспейтін ауалы қуыстар болады. Көктемгі мұзды сырғанау және өткел үшін пайдалану қауіпті. Сондықтан Көктемгі мұзға шықпаңыздар.
Жедел-құтқару жасағы жиі профилактикалық жұмыстар жүргізіп, халықты қауіп қатер жайлы ескертіп тұрады.
Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе профилактикалық жұмыстарды жүргізеді.
Егер сiз судағы төтенше жағдайдың куәгерi болсаңыз, 112 нөмiрiне хабарлаңыз.