Қоғам • Бүгін, 16:51

Жолаушылар назарына: 15 сәуірден бастап елорда әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2026 жылғы 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында Астана әуежайының ұшу-қону жолағында күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп жазады Egemen.kz.

Жолаушылар назарына: 15 сәуірден бастап елорда әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді

Фото: nqz_airport

Осы кезеңге сәйкес келетін рейстердің барлығы алдын ала қайта жоспарланып, ертерек немесе кешірек уақыттарға ауыстырылып отыр.

Ал әуежай терминалы мен барлық қызмет көрсету аймақтары қалыпты режимде жұмыс істейді.

Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады

Астана әуежайының мамандары жолаушыларды тіркеу және тексеру аймақтарында кептеліс болмауы үшін әуежайға ішкі рейс болса, кемінде 2 сағат бұрын халықаралық рейс болса, кемінде 3 сағат бұрын келуді ұсынған. Жөндеу жұмыстары ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Астана әуежайында рейстер кестесі өзгерді

Соңғы жаңалықтар