Футбол • 28 Наурыз, 2017

​«Астана» мен «Шахтер» арасындағы матчтың өтетін орны ауыстырылды

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана Арена» стадионында жасыл алаңды алмастыру жұмыстары басталғандықтан «Астананың» келесі кездесуінің өтетін орны өзгертілді. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

​«Астана» мен «Шахтер» арасындағы матчтың өтетін орны ауыстырылды

«Астана Арена» стадионындағы жасыл алаңды алмастыру жұмыстарының басталуына және елордалық ұжымның өз алаңында кездесулерін өткізетін басқа стадионның болмауына байланысты «Астана» футбол клубы «Шахтер» клубы мен Кәсіпқой футбол Лигасына кездесулерін алмастыруға өтініш білдірген болатын», – делінген хабарламада.

Нәтижесінде, «Астана» мен «Шахтер» өз алаңдарында өткізетін матчтардың орнын ауыстырды. Яғни, елордада өтуі тиіс ойын 1 сәуір күні Теміртау қаласындағы «Металлург» стадионында, ал 27-28 мамыр күндері Қарағандыда жоспарланған матч Астана қаласында өтетін болды.

Соңғы жаңалықтар

Әділ қоғам жауапкершіліктен басталады

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:10

Бес жыл күткен ғасырлық той

Руханият • Бүгін, 08:50

Әлеуеті артқан шаһар

Экономика • Бүгін, 08:45

Жылылық

Руханият • Бүгін, 08:40