Қытай мен АҚШ қазақ тарихына шындап қызыға бастаған сияқты. Қазақ хандығының құрылу тарихын баяндайтын «Алмас қылыш» фильміне осы екі елдің кинопрокатшыларынан сұраныс түсуде. Дәл қазір осыған байланысты келіссөздер жүріп жатыр.
Фильмнің продюсері Арман Әсеновтің айтуына қарағанда, «Алмас қылыш» Американың кино нарығына жол тартып, Голливудта көрсетілген. Осыдан кейін Қытай, Латын Америкасы және АҚШ елдері қазақ киносына қызығушылық танытыпты. Бұл, әрине, фильмнің сапасы мен деңгейін мойындағандық болып табылады. Бұл туынды арқылы енді шетелдіктер төл тарихымызды тереңірек тани түсетіні анық.
Тағы бір айтары, бұл фильм соңғы үш аптада еліміздің кинотеатрларында көрсетіле бастап, қазірдің өзінде 90 миллионға жуық теңге жинады.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан»

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Кеше
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Кеше