Париж қаласына жақын Нуази-ле-Гран коммунасында жойқын жарылыс болды. Бұл туралы lenta.ru хабарлады.
Le Parisien басылымының мәліметі бойынша оқыс оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 22:30 (03:30 Аст.) шамасында болған. Павильон аумағында алдымен бір газ балоны, артынша бірнешеуі жарылған. Осыдан кейін бұл орын толығымен қызыл жалынға оранған. Құтқарушылар денесін күйік шалған 45 жастағы ер адамды алып шыққан.
Mirror басылымы бес адамның жарақат алғанын, бір адамның ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенін жазды. Өрт сөндіру қызметінің басшысы Гийом Фресс (Guillaume Fresse) қос жарылыстан кейін үйлердің бірі отқа оранғанын мәлімдеді. Алдын ала мәліметтер бойынша төрт адам қаза тапты. Қызыл жалынды сөндіру үшін 30-ға жуық қызметкер жұмылдырылған.
Сонымен қатар, 30 қаңтар күні Франция астанасының сырт жағында хош иістендіргіш қағаз шығаратын фабрика өртенген. Салдарынан алты адам зардап шекті.

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Кеше
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Кеше