Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қаңтар айының аяғында Қазақстан халқына Үндеумен шығып, оның барысында кең ауқымды және маңызды конституциялық реформаларға бастамашылық жасады. Енді Парламент пен Үкімет нығайып, басқару жүйесі бұрынғыдан гөрі тиімдірек бола түсуі тиіс. Бірінші кезекте, Қазақстан Президентінің бүгінгі кейбір саяси өкілеттіктері мен шешім қабылдау құқықтары Парламент пен биліктің жергілікті органдарына берілетін болуы керек. Мен бұл ниетті бүтіндей қолдаймын. Реформалардың бұл бағдарламасы, билікті бөлу тұрғысынан келгенде, мемлекеттік органдарды нығайтуға ықпал ететін болады.
Осыған байланысты Президент өзінің назарын геостратегиялық мәселелерге, сыртқы саясатқа, ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысқа шоғырландырады. Бұл Қазақстанның әрі қарай да демократияландыру бағытымен ілгерілеп бара жатқанын байқатады.
Қазақстанды әрі қарай жаңғырту мәселесі Президенттің биылғы 31 қаңтардағы халыққа жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында да қозғалады. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік пен ұзақ мерзімді экономикалық даму Қазақстан алдына қойып отырған негізгі мақсаттар болып табылады. Нарықтық экономика қағидаттары бойынша ілгерілеу ниеті де қуаттала түседі. Бұл да өте қолдап, қуаттауға тұрарлық жайт және Орталық Азияда өзінің стандарттарын орнықтыратын болады. Бірінші кезекте мемлекет экономикалық ойыншы ретінде екінші кезекке сырғуы тиіс.
Күн тәртібінде заманауи технологияларды дамытуға маңызды орын берілген. Ауыл шаруашылығы секторы, көлік және логистика жарияланған жаңғыртуда дамудың аса маңызды бағыттары саналады. Сондай-ақ, Бес институттық реформаны жүзеге асыруға баса көңіл бөлінген. 2030 жылға қарай Қазақстанның әлемдегі аса дамыған 50 мемлекеттің санатына қосылу туралы мақсаты мерзімінен бұрын орындалса, 2050 жылға дейін әлемдегі жетекші 30 елдің сапына ену мақсаты да қуатталып отыр.
Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Үкіметінің жарияланған реформаларды жүзеге асыруға деген ұмтылысын тек қолдаймын. Осынысымен де Қазақстан бүкіл өңірге үлгі бола алады.
Манфред ГРУНД,
Христиан-демократиялық одағы (ХДО) партиясы төралқасының мүшесі, Бундестагтағы ХДО парламенттік фракциясы істерінің басқарушысы, «ГФР-ОА» парламенттік тобының төрағасы

Абай облысында апатты жағдайдағы 10 теміржол вокзалы жаңғыртылады
Аймақтар • Бүгін, 17:52
Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35