Футболдан Камерун ұлттық құрамасы 2017 жылғы Африка ұлттары кубогының жеңімпазы атанды. Олар финалда Египет құрамасын ұтты.
Габона астанасында өткен ақтық ойында камерундықтар қарсыластарынан 2:1 есебімен басым түсті. Тартысты өткен матчта Египет құрамасы 22-минутта есепте алға шықты. Бұл голды Мұхаммед Эльнени өз еншісіне жазды. Намысқа басқан Уго Бросс шәкірттері 59-минутта таразы басын теңестіре білді. Николя Н'Кулудің бағыттаған соққысы қақпа торынан табылды. Ал негізгі уақыттың аяқталуына екі минут қалғанда Венсан Абубакар жеңісті голды соғып, командасының чемпион атануына септігін тигізді.
Айта кетейік, Камерун құрамасы өз тарихында бесінші рет Африка ұлттары кубогында жеңіске жетіп отыр. Соңғы рет 2002 жылы жеңіс тұғырынан көрінген.

Көктайғақ, тұман, бұрқасын: 20 қарашада ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 00:50
Қазақстанда ұшқышсыз авиация экожүйесін дамытудың келешегі қандай?
Технология • Бүгін, 00:27
Қазақстанда оқушылар қыста неше күн демалады?
Білім • Кеше
Дәрігер: Антибиотикті орынсыз қолданудан адам ағзасы әлсірейді
Денсаулық • Кеше