Түркия әлемде ЭКО жасау (жатырдан тыс ұрықтандыру) бойынша бірінші орынды иемденеді. Бұл бағытта Ыстанбұл қаласында - 3, Анталия шаһарында 3 клиника мен 2 медициналық орталық жұмыс істейді. Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Анталия қаласына тәжірибе алмасу мақсатында барған медицина саласының мамандары мəлімдеді, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Мұнда сондай-ақ, оталар роботтардың көмегімен жасалады. Бүгінге дейін жоғарғы технологиямен роботтандырылған 6 мыңнан астам гинекологиялық ота сәтті жүзеге асырылған.
Облыстық эндокринология диспансерінің дәрігер-сарапшысы, топ басшысы Қалкөз Қасымбекованың айтуынша, ОҚО əкімі Ж.Түймебаевтің тапсырмасымен Түркияға тəжірибе алмасуға барған 15 медицина қызметкері Анталия қаласында болған. Олар 6 клиниканы аралап көріп, іс-тәжірибе алмасты.
Анталиядан 80 шақырым жердегі Испарта қаласындағы ауруханада болды.
Анталия қаласындағы «Training Hospital» клиникасы 904 науқасқа арналған. Қажет болған жағдайда кеңейтіледі, 2200 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар. Мұнда 2016 жылы 2,5 миллион науқас ем қабылдаған болса, соның 1,5 миллионға жуығы шетелдіктер болған.
«Түркияда бізде енді-енді қолға алынып жатқан сүйек кемігі науқастарына трансплантациялау оталары көптеп жасалады екен. Трансплантология өте қатты дамыған. Әрбір азаматы - тегін донор. Көлік жүргізуші куәлігін алар кезде олар саналы түрде өздерінің ағзасындағы бір мүшесін донор ретінде беруге келісім береді. Аталған келісім белгісі жүргізуші куәлігінде көрсетіледі. Егер ол жол апатынан қайтыс болса, медицина мамандары шұғыл түрде іске кірісіп, зақымданбаған сау мүшесін қажет ететін науқасқа тегін ауыстырып салады. Донор тапшылығы жоқ», - дейді Қалкөз Бақытқызы.
Ана болуды жоспарлау жүйелі түрде жүзеге асады. Түсік жасауға мемлекеттік деңгейде қатаң тыйым салынған. Әйелдің өміріне қауіп төнетіндей жағдай болмаса, мүлдем рұқсат етілмейді.

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10