IBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақта әлем чемпионы кіші Крис Юбенк (24-1, 19 КО) өткен жылы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен өткен жылы не үшін жекпе-жегі өтпегенін түсіндіріп берді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Бұл айқас 2016 жылдың қыркүйек айында өтуі тиіс болатын. Ал ұйымдастыру жұмыстарымен танымал британиялық промоутер Эдди Хирн айналысқан. Бірақ бұл іс аяқсыз қалып, қазақстандық боксшы IBF чемпионы Келл Брукпен кездесуге мәжбүр болды.
Кейінірек Хирн істің мән-жайын түсіндіріп берді. Айтуынша, британиялықтың әкесі ұйымдастыру жұмыстарына толығымен иелік етіп, бұл кештің андеркартында кімдердің шығатынын, тіпті гонорарды бөлу мәселесін де өзі шешкісі келген. Промоутер мұндай талапқа көнбегендіктен Юбенкпен бірге жұмыс істеуден бас тартқан.
Оның әкесі Головкиннің тарабы 6 миллион доллар қаржы ұсынғанын, бірақ қабыл алмағандарын мәлімдеді.
«Мәселе менің GGG-мен жұдырықтасқым келмегендігінен емес. Бәрі бүге-шігесіне дейін шешіліп қойған. Бірақ промоутерге бұл ұнамаса керек. Өзіне қолайлы мүмкіндіктерді қарастырғысы келді. Ал біз оның шарттарының бәріне келісе алмадық», – деді кіші Юбенк.
Бұған дейін британиялық боксшы Геннадиймен жекпе-жегі осы жылы өтетінін сенімді түрде айтқан болатын. «Бұл айқасты тек мен ғана емес бокс әлеміндегі бүкіл жанкүйер күтіп отыр. Оны соңғы екі жыл бойы шаршы алаңға шақырып келемін», – деді ол.
Боксшының әкесі алдағы күндері Головкиннің өкілдерімен келіссөздер жүргізу үшін кездесетінін мәлімдеді.
Айта кетейік, бірер күн бұрын кіші Юбенк Лондонда австралиялық Ренольд Куинланды нокаутқа түсіріп, IBO белбеуін жеңіп алған.
• 07 Ақпан, 2017
Головкин мен кіші Юбенк арасындағы айқас не үшін өтпеді?

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10