Бүгін, яғни 7 ақпан күні Бүкіләлемдік бокс ассоциация (WBA) өзінің ресми сайтында былғары қолғап шеберлерінің жаңартылған тізімін жариялады. Ол тізім бойынша Жанат Жақиянов көш басында тұр, деп хабарлайды vesti.kz.
Жаңартылған тізім бойынша жеңіл салмақта (53,42 келі) қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов көш бастап тұр. Екінші орында доминикалық Хуан Карлос Пайано тұрса, үшінші сатыға венесуэлалық Енфрез Парехо орналасқан.
Орта салмақтағы (66.68 келі) боксшымыз Жанқош Тұраров бұл көрсеткіште 11-орында. Дәл осы салмақта бірінші орынға тайландтық Тева Кирам тұрақтаған. Одан кейін америкалық Ламонт Питерсон тұрса, үштікті испаниялық боксшы Керман Леджараха түйіндеді.
Ал бірінші орта салмақ (69.85 келі) дәрежесіндегі боксшымыз Қанат Исламға тізімнің төртінші сатысынан орын бұйырыпты. Аргентикалық Брайан Карлос Кастано бұл салмақта көш бастаса, америкалық Деметриус Андраде – екінші, франциялық Мишель Соро – үшінші орында.
Бірінші ауыр салмақта (90.71 кел) бағын сынап жүрген Иса Ақбербаев рейтингте 15-орында. Ал Бейбіт Шүменовпен кездесуден бас тартқысы келіп жүрген Юниер Дортикос бірінші сатыға орналасыпты. Германиялық Марко Хук пен армениялық Арсен Гуламирян екінші және үшінші орындарда тұр.

Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Кеше
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше