Мұнай өндірудің жылдық көлемі 81 млн. тоннаға дейін ұлғайтылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.
«Бірінші жартыжылдыққа арналған жоспарға Энергетика министрлігінің 10 іс-шарасы енгізілді. Бұл тұрғыда мұнай-газ саласының дамуы үшін қажетті шаралар қамтылды. Біріншіден, мұнай өндірудің нақты көлемі индексін 103,8 пайызға жеткізу үшін мұнай өндірудің жылдық көлемі 81 млн. тоннаға дейін ұлғайтылады. Бұл ретте Қашағаннан - 5 млн. тонна, Теңіз кен орнынан - 27,5 млн. тонна, сондай-ақ Қарашығанақ кен орнынан 11,8 млн. тонна мұнай өндірілмек. Жартыжылдықта 40,7 млн. Тонна мұнай өндіру жоспарланып отыр. Ал мұнайдың экспорты 65 млн. тоннаны құрайды», - деді Бозымбаев.
Оның сөзіне қарағанда, газ өндірудің физикалық индексі 103, 6 пайызға жету үшін газ өндірудің жылдық көлемі 48, 1 млрд. текше метрге дейін ұлғайтылатын болады. Осы орайда Қашағаннан - 3,1 млрд. текше метр, Теңізден- 14,4 млрд. текше метр, Қарашығанақтан -18 млрд. текше метр газ қамтамасыз етіледі. Жалпы, бірінші жартыжылдықта 24,5 млрд. текше метр газ өндіру жоспарға енгізілді. Белгілі болғандай, экспорт көлемі 13, 7 млрд. текше метрге жеткізілмек.
• 07 Ақпан, 2017
Мұнай өндірудің жылдық көлемі 81 млн тоннаға дейін ұлғаяды

Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Кеше
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше