Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Жақып Асановты қабылдады, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Жақып Асанов Нұрсұлтан Назарбаевқа құқық қорғау органдарының 2016 жылғы қызметінің қорытындылары және алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары туралы баяндады.
Қазақстан Президенті елдегі қоғамдық қауіпсіздік ахуалын жақсартуға бағытталған реформалардың маңыздылығын атап өтті.
"Осы жылдар ішінде біз барлық салада реформа жасап келеміз. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығының қорытындысы бойынша экономикалық өсім және тұрғындардың әл-ауқаты артқанын байқаймыз. Алайда, құқық қорғау органдары қызметінің мәселелері ешқашан өзектілігін жоғалтқан емес. Біз тиісті шаралар қабылдап, заңнамаларға өзгерістер енгізудеміз", - деді Елбасы.
Мемлекет басшысы бұрынғы кезде тіркелген қылмыстар саны алдыңғы жылғы көрсеткіштен көп болса, құқық қорғау органдары жазаланып отырғанын айтты.
"Жазадан қашып, мәліметтерді жасырған немесе өзгерткен жайттар кездесіп жататын. Ал қазір фактілер міндетті түрде тіркелуі тиіс", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президентіне Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларды орындау барысында бизнес өкілдеріне жүргізілетін тексерістер санын азайту мақсатымен қабылданған шаралар туралы айтылды. Бұдан бөлек, Бас прокурор құқық қорғау саласындағы мемлекетаралық қарым-қатынастарды нығайту, экономикалық құқық бұзу жайттарымен күресу үшін кадрлар даярлау жөнінде жүргізіліп жатқан іс-шараларды атап өтті.
Асановтың айтуы бойынша, Бес институционалдық реформаны және Қазақстан Президентінің "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауын іске асыру барысында қазіргі уақытта прокуратура органдары алдына қойылған міндеттерді орындау, атап айтқанда, әкімшілік және қылмыстық үдерістерді электрондық-цифрлық форматқа көшіру, сондай-ақ жекелеген жобаларды іске асыру үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.
"Қоғамдық қауіпсіздікті жақсартудың тағы бір индикаторы - бас бостандығынан айырылғандар саны. Қазақстанда олардың саны 90-шы жылдардың басында 100 мыңға жуық еді, бүгінде бас бостандығынан айыру орындарында одан үш есе төмен - 36 мың адам отыр", - деді Бас прокурор.
Соңында Мемлекет басшысы ел заңнамасы нормаларының сақталуын бақылайтын орган ретінде прокуратураның айрықша рөлін атап өтіп, Бес институционалдық реформа мен Қазақстан халқына жолдаудың іске асырылу барысын қатаң бақылау қажеттігін айтты.
Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Кеше
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше