Ақтөбе қаласында күніне 50 бағыт бойынша қоғамдық көлік жүреді. Тұрғындардан жиі шағым еститін қала әкімі Ілияс Испанов биыл Еуропалық қайта құру және даму банкі арқылы несие алып, 290 автобус сатып алуды көздеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақтөбе қаласындағы қоғамдық көлік қатынасына «Автопарк» ЖШС мен Ақтөбе қаласының жолаушылар автокөлігі кәсіпорны жауапты. Алғашқысы жеке, кейінгісі мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорын.
«Екі компанияның да жұмысы өте нашар. Дұрыс жұмыс істей алмайды. Тендерді ұтып алған. Екі жылда техника жаңартылуы тиіс міндетті орындамайды. Тек «жолақыны қымбаттату» ұсынысын түсірді. Бізде қазір көп қызмет түрі қымбаттап жатыр. Сондықтан әлеуметтік жағдайды ескеріп, қоғамдық тасымалдау нарығына жаңа компанияны әкелуді, Еуропалық қайта құру және даму банкі арқылы қаржы алуды жоспарлап отырмыз», – деді қала әкімі.
Жоспар бойынша биыл 290 автобус сатып алынады. Салықтан, сот процесінен жиналған қаржыға мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, қоғамдық көліктер жаңарады.
Ақтөбеде аялдама мәселесі де оң шешімін таппай тұр. Есептей келе қалада 496 аялдама бар екені анықталды. Оның 190-ында қоғамдық көлік тоқтайтын арнайы жолақ қарастырылмаған. Ал 112 аялдаманың арнайы павильоны жоқ. Биыл бұл жұмысты әрі қарай жалғастыруға бюджеттен 33 миллион теңге қарастырылды. Барлығы 70 аялдамаға жаңбырдан, күн көзінен, желден қорғайтын павильон тұрғызылады.

Алматыда заманауи қоқыс өңдеу зауыты салынады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Кеше
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Кеше