Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Назарбаев Университетке барып, Президент Жолдауын іске асыру мен Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында берген тапсырмаларын орындау мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Назарбаев Университет ауқымды ғылыми-білім беру экожүйесі, мұнда оқытудан бөлек, түрлі ғылыми-инновациялық зерттеулер жүргізіледі.
Президент өз Жолдауында Қазақстанда цифрлы индустрияны дамыту экономиканың өзге салаларының да дамуына түрткі болатынын айтып өтті. Осы орайда ол негізінде жаңа, перспективалы технологиялар мен инновациялар болатын экономика өсімінің жаңа үлгісін құру туралы міндет қойды.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Президент барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды шоғырландыру қажеттігін айтты. Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев оқу орнына Назарбаев Университеттің Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін іске асырудағы мүмкіндіктерімен танысу мақсатында барды.
Бақытжан Сағынтаев университеттің оқу зертханаларында болып, студенттердің ғылыми жобалар бойынша зерттеулер жүргізетін орындарының жағдайымен және ондағы жабдықтармен танысып шықты. НУ-дың Технопаркі мен оқу орнының айналасында белсенді түрде дамып жатқан «Astana Business Campus» инновациялық кластерін аралау барысында ол осында жүзеге асырылып жатқан зерттеу жобаларының нәтижелерімен танысты. Сонымен қатар, Премьер-Министр бизнес-инкубатордың, биотехнологиялық зертхананың және «Heart Stitch» физика және аккумуляторлар институты зертханаларының жұмысымен танысты.
Кейін Б.Сағынтаев Назарбаев Университеттің профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Президенттің алға қойған міндеттерін атқарудағы оқу ғимаратының рөлі туралы айтылды.
«Мемлекет басшысы өз Жолдауында Үкіметтің алдына жаңа міндеттер қойды – экономикалық өсімнің жаңа үлгісін құру қажет. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан қоры бай саналатын шикізаттың құны соңғы екі-үш жылда өте төменгі деңгейде және ол бізге жеткілікті экономика өсімін бермейді.
Дегенмен, еліміздің міндеті 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру және осы ТОП-қа кіру үшін бізде жыл сайын 5% өсім болуы шарт. Осыған орай біз жаңа индустрияны дамытып, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруымыз қажет», деді Б. Сағынтаев.

Алматыда заманауи қоқыс өңдеу зауыты салынады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Кеше
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Кеше