13 Ақпан, 2017

Озық технологиялар – отыздыққа апаратын төте жолдың бірі

112 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Солтүстік Қазақстан облысында болды. Мұхтар Құл-Мұхаммед облыс әкімі Ерік Сұлтановпен бірге өңірдегі еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесу өткізді, сондай-ақ, партия ак­тиві­нің алдында тұрған жұмыстардың басым бағыттарын белгілеп берді. Елбасының Қазақстан халқына Жол­дауының маңызын түсіндіру – «Нұр Отан» партиясы Төрағасы бірінші орынбасарының өңірлерге сапары­ның негізгі мақсаты. Мұхтар Құл-Мұ­хам­медтің Солтүстік Қазақстан облысына жоспарлаған жұмыс кестесінде бұл мәселе басты назарда болды. Солтүстік Қазақстанды барлық уақ­ыт­­та да ең алдымен астық және мал ша­руа­шылығымен байланыс­тырға­­ны­мен, бұл жерде экономиканың басқа сек­торлары да ойдағыдай дамуда. Мы­салы, 2015 жылы облыста поли­эти­лен құбырларының өндірісі жолға қойылды. Құны 57 миллион теңгені құ­раған жоба мемлекеттік индустриялық-инно­вациялық даму бағдарламасының шең­берінде жүзеге асырылды. Жаңа зауыт­тың директоры Дмитрий Шара­паев – республикамыздың басқа биз­нес­мендері үшін жақсы өнеге бола алады. оқсаныншы жылдары өз ісін жаңадан бастаған көптеген кәсіпкер­лердей, ол да халық тұтынатын шетелдік тауарларды жеткізумен және өткізумен шұғылданды. Уақыт өте келе, нарықтың қыры мен сырын меңгерген кәсіпкер өнімді басқа елден әкелгеннен гөрі, оны осы жерде шығарудың тиімді екенін түсінді. Осыдан кейін Д.Шарапаев плас­тик­тен жасалған үйдің керек-жарақ­тарын өндіретін өзінің бірінші цехын салуға шешім қабылдайды. Жыл өткен сайын кәсіпорынның айналымы өсіп, шығаратын өнімі де көбейе түсті. Бүгінгі таңда ол халық тұтынатын өнімдердің 230 аталымын нарыққа шығарып отыр. Шикізат ретінде пайда­ланылған қалдықтар – пакеттерді, пласт­массадан жасалған өнімдерді пайдала­натыны зауыттың ерекшелігі болып табылады. Осындай пайдалы «қо­қысты» қабылдайтын орындар Қазақ­станның барлық жерлерінде ашылған. Аталған кәсіпорын бастапқыда тір­келг­ен өндіріс қуаттылығына жете алма­ған, мемлекеттік индустриялық-инно­вациялық даму бағдарламасының әйгілі 72 жобасының қатарында болды. Бүгінгі таңда бұл мәселе шешілді. Атап айтсақ, 2016 жылы зауыт 2,5 миллиард теңгенің өнімін шығарып, оның бүкіл Қазақстан мен Ресеймен шекаралас аудандарына дейінгі жеткізілімін қамтамасыз етті. «Нұр Отан» партиясы Төраға­сы­ның бірінші орынбасары сол­түстік-қазақстандық бизнесменнің бас­­тама­сын қолдап, Мемлекет басшысы­ның үшінші жаңғыруға арналған халыққа Жолдауында іскер адамдарымыздың кәсіпкерлік тапқырлығына үміт артып отырғанын атап өтті. Облыстың агроөнеркәсіптік кәсіп­орын­дары уақыттың жаңа талаптарына сай болуға ұмтылады. Ауыл шаруашылығындағы шикізаттан көп пайда таба алмайтынын мұндағылар баяғыда-ақ түсінген болатын. Сондық­тан, аймақта жыл сайын түрлі азық-түлік өнімдерін шығаратын жаңа зауыттар мен фабрикалар пайда болуда. Бұл істе «Богатырский продукт» компаниясы табысқа жетуде, ол ұн, макарон өнімдерін, тұшпара, құрғақ таңертеңгі ас, кондитерлік өнімдер өндіруді жолға қойды. Мұхтар Құл-Мұхаммед өндірісті аралап шығып, жергілікті бизнесмендерді өз зауыттарында алдыңғы қатарлы әзірлемелерді енгізе отырып, Президент жариялаған технологиялық жаңғыруды қолдауға шақырды. «Мемлекет басшысы өзінің Жол­дауында аграрлық сектордың экономи­каның жаңа драйвері болуы тиіс екенін ерекше атап өтті. Еліміздің ең ірі сар­қылмас қоры болып табылатын Со­л­түс­т­ік Қазақстанның агроөндірістік кәсіп­орын­дарын жаңғыртып, ғаламдық бәсекелі нарыққа шыға алатын тамаша мүмкіндігі бар», – деп атап өтті «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары. «Нұр Отанның» облыстық филиа­лында өткен кездесуде Мұхтар Құл-Мұхаммед жергілікті партиялықтарға бүгінгі таңда Елбасының Жолдауы бүкіл Солтүстік Қазақстан облысы халқының, әсіресе фермерлердің қызу талқылап жатқанын айтып берді. Шаруалар Президенттің ауыл шаруашылығын сапалы дамыту мәселесіне айрықша назар аударғанына дән риза. Олар Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауының арқа­сында агроөнеркәсіп кешенінің рес­публикамыздағы экономикалық өсімнің жаңа қозғаушы күші бола алатынына сенеді. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы  
Соңғы жаңалықтар

Батырдың қолтаңбасы

Жәдігер • Бүгін, 11:10

Белгісіз солдат

Қоғам • Бүгін, 11:00

Ұлттық спорт туралы заң қажет

Ұлттық спорт • Бүгін, 10:45

Майдангердің ұлы

Тұлға • Бүгін, 10:40