13 Ақпан, 2017

Жолдауды талқылауға қатысты

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сенат депутаты Дариға Назарбаева Алматы қаласын­дағы Тұңғыш Президент – Елбасы қорында Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауын талқылауға байла­нысты сарапшылар қауымдас­тығының өкілдерімен кездесті. Талқылауға мемлекеттік тал­дау құрылымдарының, қоғам­дық қорлардың және үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкіл­дері қатысты, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Кездесуде сарапшылар Жол­даудың маңызды мәселе­лерімен қатар, билік тармақтарының, орталық пен аймақтар арасын­дағы өкілеттіктерді қайта бөлу туралы да өз ойларымен бөлісті. Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сарапшылар мәслихаттар өкілдік және құқық қалып­тастырушы міндеттерін то­лық көлем­де атқара отырып, өздерінің жергілікті жер­лер­ді басқаруға белсенді атса­лысуы керек екеніне келісті. Бұл олардың қызметін қалып­тас­тыруға, өкілеттіктері мен қызмет ресурстарына талап­тар­ды айғақтайды. Сондық­тан, Қоғам­­дық кеңестердің жұмыс тәжірибесін зерделеу және ең тиімді үлгілерін өнеге ретінде тарату ұсынылды. Пікірсайыс барысында Пар­ла­менттің өкілеттігін күшейту, депутаттар мен фракциялар­дың заңнамалық бастамаларын талдауды қамтамасыз ету, үкімет­тік заң жобаларына құқық­тық сараптама жасау жөнінде нақ­ты ұсыныстар түсті. Сарап­шы­лар қабылданған заңдар­ды іске асыруға жұртшы­лық­ты тартуда ауқымды түсін­діру жұмыстарын қолға алу­дың, сондай-ақ монито­ринг жүргізудің қажеттігіне назар аударды.