13 Ақпан, 2017

Комитет мүшелері халықпен жүздесті

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшелері Роман Ким, Айқын Қоңыров және Берік Оспанов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарлары барысында Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында көптеген кездесу өткізді. Депутаттар «Семей цемент зауыты» ЖШС, «СемАЗ» ЖШС, «Мелисса» ЖШС, «Кеңес и К» ЖШС, Батыс Алтай мемлекет­тік табиғи қорығы, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ, «ҚР ҰЯО» РМК, «Заря» ШҚ, «Сугатовское» ОДА, «ОХМК» ЖШС, «Бобровка» ЖШС, «Каз­цинкмаш» кәсіпорындарының ұжы­мымен және ҚазМЗУ мен Рид­дер аграрлық-техникалық кол­леджінің оқытушы-профессорлар құрамымен және студенттерімен кездесті. Бағдарлама аясында депу­тат­тар Өскемен қаласындағы ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің өкіл­дері­мен, Курчатов және Шемо­наи­­ха қала­ларындағы үкіметтік емес ұйымдардың және этномәдени бірлес­­т­іктердің өкілдерімен, кә­сіпорын жұ­мыс­шыларымен, Глубо­кое, Солнеч­­ное, Бобровка ауылдары мен Жарма және Шемо­наиха аудан­дарының тұрғын­дарымен кездесті. Сонымен қатар, «Мелисса», «Кеңес и К» ЖШС мен Батыс Алтай мем­­ле­кеттік табиғи қоры­ғының қыз­ме­т­кер­лерімен кездесу барысында ха­лық қалаулылары өсімдік және жануар­лар әлемі мәселелері бойын­ша Мәжілісте қарастырылып жатқан заң жобасының кейбір ережелерін тал­қылап, ұсыныстарды назарға алды. Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан» Шығыс Қазақстан облысы